Қызық әрі пайдалы дәріс зауытта өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 19:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызық әрі пайдалы дәріс зауытта өтті

30 Ноября 2019 (11:11) | 3521 | Автор: Редакция

Ақтаудағы ІТ лицей оқушылары "Берекет Ф" ЖШС-нің сүт зауытына барды. Күнделікті дастарханда тұратын "Ақ нек" маркалы сүт тағамдарының қандай әдіспен дайындалып, үлкен еңбекпен келетіні жете түсіндірілді. Көшпелі дәріс барысында оқушылардың бизнеске қызығушылығы жоғары екені байқалды.

 

 

7-сынып оқушысы Дархан Әмірханов: «Бізге зауытқа жасалған экскурсия өте қатты ұнады. Мұндай кәсіпорынға алғаш рет келіп тұрмын. Сүт өнімдерінің қалай жасалатыны, олардың ыдыстарға құйылып, қақпағы жабылғанына дейін түгел сатыны көзбен көрдік. Осындағы қызметкерлердің еңбегі зор екен»,- деп таңданысын жасырмады.

 

Ал, тағы бір оқушы Ақтоты Серік болса, өнімдер құйылатын ыдыстардың жасалу жолдарын көріп, сүйсінген. Шынашақтай ғана пласмасстан айран құятын үлкен бөтелкені ыстық ауамен үрлеп шығаруға болатынын, сыртқы қағаздары жабыстырылып, түптелгеніне қызыға қарағанын жасырмады.

 

 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің қызметкері Руслан Бисекенов: «Студенттер мен оқушыларды түрлі кәсіпорындарға апарып, экскурсия жасату ең ұтымды әдіс. Ақтауда «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін алғаш рет пилоттық жобада оқыған ІТ лицей тәжірибесі республика бойынша барлық мектептерге енгізілген болатын. Сондай алдыңғы қатарлы мектеп оқушыларында іскерлік іргетасы қаланды деп санаймыз.

 

Екінші жағынан кәсіпкерлік әдістерін түсінді. Бұл сабақта отырып теориялық тұрғыда танысқаннан гөрі тәжірибе жүзінде көру тиімді екенін аңғартады»,- дейді.

 

 

Кәсіпорында оқушыларға зауыттың барлық өнімдерінің дайындалу жолдары көрсетілді. Қазір мұнда 15 түрлі сүт өнімі шығарылады. Аптасына 10 тн өнім түрлі сауда орталықтары мен мекемелерге тасымалданып отыр.

 

«Ақ нек» сүт зауыты директорының орынбасары Мадина Абдугалиеваның айтуынша, 2006 жылы іске қосылған сүт зауытының өнімдері сапасы жоғары Беларусь шикізаттарынан дайындалады. Қазақстан бойынша ешбір кәсіпорын қолданып көрмеген бірегей табиғи ащытқыны тұтынуы- негізгі ерекшелік.

 

 

Қызық әрі пайдалы! Бұл- олардың дәрістерінің өту барысына берген бағалары болды. Оқушылар бірауыздан осындай ой айтты. Экскурсия соңында оқушылар зауыт өнімдерінен биоайран, биойогурт, ірімшік, құрт, қаймақтан дәм татып, мәре-сәре болысты.

 

 

Фото Жазира Абил

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему