Маңғыстау облысы Ішікі Істер Департаментінің Әкімшілік Полиция Басқармасы хабарлайды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы Ішікі Істер Департаментінің Әкімшілік Полиция Басқармасы хабарлайды

25 Июня 2018 (19:08) | 3721 | Автор: Нурганым Имашева

ІІО-мен салынған әкімшілік айыппұлдарды  өндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында, ІІД Әкімшілік Полиция Басқармасымен сот орындаушылар және БАҚ өкілдерімен бірге ағымдағы жылдың маусым айының 25-27 күндері аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2-ші кезеңі өткізіледі.

 

 

Сонымен қатар, әкімшілік айыппұлдарды төлеу рәсімін жеңілдетуде,  қазіргі уақытта азаматтардың «egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде, сондай-ақ екінші деңгейдегі 12 банктің («АТФ Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «AsiaCredit Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «ForteBank» АҚ және «Қазпошта» АҚ кассалық-есептеу бөлімдерінде айыппұл төлеу мүмкіндігі бар екендігін хабарлаймыз.

 

Сонымен қатар, ӘҚБтКодекстің 811-бабы 1-бөлігінің (Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі) жаңа редакциясына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс iстейтiн сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тiркелген жағдайда, тұлға белгіленген үлгідегі түбіртекпен бірге айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы тиісінше жеткізген сәттен бастапкөрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды жеті тәулік ішінде төлеу құқығы бар екенін атап өткен жөн.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттер tumba.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему