Көлікті басқаруға құқығы жоқ адам заң бұзды
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 03:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көлікті басқаруға құқығы жоқ адам заң бұзды

6 Февраля 2017 (17:39) | 1357 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ж., көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра автокөлігін Жаңаөзен қаласы, Шаңырақ шағын ауданында орналасқан №54 үй жанындағы тас жолда жүргізіп келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып, қарсы бағыттан келе жатқан А.-ның «BMW» автокөлігіне соқтығысып, жол көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде аталған автокөлікке материалдық залал келтiрген.

Сот қаулысымен азамат Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлігімен (осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 42 420 теңге айыппұл жазасы салынды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему