Бір тәулік ішінде Маңғыстау жолдарында 221 заңбұзушылық анықталды
21 Февраля 2019 (16:24) | 1756 | Автор: Нурганым Имашева
-Ағымдағы жылдың 19-23 ақпаны аралығында облыс бойынша "Такси" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Шараның мақсаты - такси жеңіл автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, Жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолын кесу болып табылады.
Маңғыстау облысының Полиция Департаментінің Жергілікті Полиция Қызметінің (ПД ЖПҚ) қызметкерлерімен бір тәулік ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың (ҚР ӘҚБК 46-бабы) 13 дерегі және такси жүргізушілерімен жасалған 208 құқықбұзушылық дерегі анықталды.
19.02.2019 жылы Шетпе – Жетібай тас жолында Маңғыстау облысы ПД-нің ЖПҚ ППР қызметкерлерімен "Лада Ларгус" маркалы 3 автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында екі жүргізушіде жүргізуші куәлігі болған жоқ. Көлікук шетел азаматтары шамадан тыс тиелген. ҚР ӘҚБтК-нің 612, 463-баптарымен - бірінші, ҚР ӘҚБтК-нің 612, 463, 590-бабының 5-бөлігімен, 593-бабының 1-бөлігімен - екінші; сонымен қатар жүргізушіге 463-бабы мен 593-бабының 1-бөлігімен - үшінші әкімшілік хаттама толтырылды.
Барлық автокөліктер Жетібай кентінің полиция бөлімшесінің айыппұл тұрағына жабылды,- мәлімдейді Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему