Ақтауда жаңа судья тағайындалды
11 Января 2017 (14:54) | 3271 |
Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Ержан Қарабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Қонысов Алтай Сембайұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.
Іс-шараға Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ө.Садықов, судьялар мен кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Әкімшілік соттың жаңа судьясы Алтай Сембайұлы бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Жас судьяны жаңа тағайындаумен құттықтаған Ержан Өсерханұлы өз сөзінде жас әріптесіне кәсіби шыңдарды бағындырып, судья атағына кір келтірмей абыройлы еңбек етуге тілектестігін білдірді. Сондай-ақ заң мен ар алдында әділдікті тең ұстап, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда жемісті еңбек етуге шақырды. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему