Азаматтық істегі жауапкердің құқықтары мен міндеттерін білесіз бе?
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 04:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азаматтық істегі жауапкердің құқықтары мен міндеттерін білесіз бе?

5 Декабря 2016 (19:11) | 3435 | Автор: Мира Ботабекова

 

Сотқа талап арыз түсіп, ол арыз сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалғаннан кейін судья істерді сот талқылауына әзірлеу кезінде жауапкерге талап арыздың көшірмесін және талап қоюшының талаптарын негіздейтін оған қоса тіркелетін құжаттарды жібереді не тапсырады және жауапкердің талап арызға жазбаша пікір (қарсылық) білдіруін, өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруін белгілі бір уақытты белгілей отырып міндеттейді. Осы орайда айта кететін үлкен мән-жай бар, бұл қолдарына талап арыз не шағымның көшірмесі тапсырылған соң, судья белгілі уақытқа дейін жауапкерге талап бойынша жазбаша пікірін сотқа тапсыруды міндеттесе де, әдетте жауапкерлер немқұрайлы қарап, оны орындамайды не орындауға асықпайды.

 

Арыз, шағымдарды қараудың заңмен белгіленген шектеулі мерзімі бар, басты сот талқылауына дейін, арызды өндірісіне қабылдаған судья тараптардың дәйектерін, тапсыратын дәлелдеме құжаттарын, яғни талапкердің талабын бекітетін, ал жауапкердің талапты жоққа шығаратын құжаттары мен пікірлерін анықтауы тиіс, өйткені бұлардың барлығы істі сотта қарауға әзірлік кезінде жасалмаса, іс бір отырыстан аяқталмай, созбалаңға салынып, салдарынан тараптардың (азаматтардың) өздері зардап шегеді. Жауапкердің пікірі мен дәлелдемелерді бермеуі істегі бар дәлелдемелер бойынша істі қарауға кедергі келтірмейді, сондықтан көп жағдайда жауапкерлер өз құқын пайдаланбауынан дауда ұтылып та жатады. Өйткені АІЖК-нің 65-бабына сай, әр тарап өзі сілтеме жасайтын мән-жайларды өздері дәлелдеуге міндетті, сот тараптар үшін дәлелдеме құжаттар жинаудан босатылған, тек тараптар өз беттерімен құзыретті органдардан қажетті құжатты ала алмаған жағдайда ғана, сотқа талап-тілек қою арқылы ол құжаттарды алдырта алады.

 

«Сондықтан құқығыңыздың бұзылмауы міндетіңізді тиісті дәрежеде орындаумен байланысты екенін ұмытпаған жөн»,-дейді Маңғыстау облыстық сотының бас маманы А.Усербаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему