Рахат ауылында 9,9 шақырым жол пайдалануға берілді
18 Октября 2021 (17:07) | 1422 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлім етті.
Оның айтуынша, жаңа жол «Ақсу» және «Жұлдыз» шағынаудандарында төселді. Барлығы 9,9 шақырымды құрады. Жоба құны 300,658 млн. теңге.
«Жоба «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» Республикалық акциясы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл жолдың құрылысын 2020 жылы «Алтын құрық» ЖШС бастаған. Енді құрылыс аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында жергілікті және аудандық маңызы бар автокөлік жолының жалпы ұзындығы 493 шақырым. Оның 239 шақырымына асфальт төселген», - деді әкім.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему