Жас өнерпаз қолдауға зәру
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 06:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас өнерпаз қолдауға зәру

20 Декабря 2016 (18:28) | 2122 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сәби шағынан бойынан байқалған өнерге деген құштарлығы Рашидтің алғашында музыка мектебіне түсіп, оны жақсы оқып тамамдаған соң, Маңғыстау өнер колледжіне түсуіне себепші болды.

            Бүгінде аталмыш оқу орнының І курсында білім алып жүрген 16 жасар балғын өнерпаз Рашид Рахимов кішкентайынан музыка десе ішкен асын жерге қоятын болған. Анасы Ақзира Рахимованың айтуынша, ұлын кейбір ата-аналар сияқты музыка мектебіне сүйрелеп апарып, еркінен тыс оқытпаған, сәби шағынан музыкаға әуестік танытқан балғын өнер саласына өз қызығушылығымен бет бұрып, классикалық музыка жанрын өз қалауымен таңдаған.

            Ақтаудағы «Балалар өнер мектебінде» оқып жүрген кезінде қабілетінің жоғарылығын бағалаған ұстаздары Рашидті 4 сыныптан бірден экстернмен 6 сыныпқа көшірген. Сол өнер ордасында тәлім алып жүргеннің өзінде Алматы, Атырау т.б. қалаларда өткен байқауларға қатысып, олардан жеңіспен оралған жас өрен 2015 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Новосибирск қаласында өткен пианистердің Халықаралық «ПРОдвижение» байқауына қатысып, Бас жүлдені иеленген.

            Жас мөлшері 5 пен 54 жас арасындағы 160 музыкант қатысқан Халықаралық байқауда үздік өнер көрсеткен жалғыз жеңімпазға ғана берілетін Бас жүлдені жеңіп алу бақыты сол конкурста Ақтау қаласынан барған 15 жасар Рашидке бұйырыпты.

            Музыка мектебінде ұстазы болған Наталья Пихтереваның айтуынша, жас дарынның жоғары қабілетін байқаған ресейлік музыка мамандары Рашидті Москва, Новосибирск қалаларына оқуға шақырған. Ұстазы Наталья Пихтереваның жемісті еңбегінің арқасында жас талант Рашид өз болашағын музыкамен байланыстырып, мамандық таңдауда дұрыс бағытта қадам жасай алды.

Бүгінде Маңғыстау өнер колледжінің І курсында фортепьяно сыныбында оқып жүрген Рашид оқу ордасының қабырғасында, облыстық филармонияда, қалалық мерекелерде өтетін концерттік кештерде үнемі үздік өнер көрсетеді. Оқу ордасының басшысы, ұстаздары дарынды шәкіртінің жетістіктері мен қабілетіне риза.

-                     Өзінің қатарлары көбіне жеңіл сазды музыкаға ден қойып, би, көңіл көтеру орындарына баруға ұсыныс жасаған кезде де ұлым ондай кештерге барғанша, классикалық музыканы ойнап, сабағына дайындалуды жөн санайды.

Салмақты болып өскен балам, классикалық сазды жан-тәнімен сүйеді, күрделі музыкалық шығармаларды тыңдап, олардың мазмұнына терең үңілгенді ұнатады. Музыкаға құштарлығы сәби кезінен оянды, өзбетімен осы саланы таңдады, - дейді Рашидтің анасы Ақзира Рахимова.

Нағыз таланттың шыңдалып, өсіп-өркендеуі үшін түрлі байқау, сынақтарға қатысуы маңызды. Ұстаздарының жетекшілігімен бойындағы қабілетін өсіріп, шеберлігін шыңдауы үшін жас өнерпазға елімізде және шетелдерде ұйымдастырылатын түрлі байқауларға қатысу – үлкен мектеп болары сөзсіз. Осындай байқаудың бірі - 2017 жылдың 14-15 қаңтары аралығында Алматы қаласында өтетін Аида Исаковаға арналған пианистердің ІІІ Халықаралық конкурсы.

Жас музыкант Рашид Рахимов өнер колледжіндегі өз ұстазы Қ.Н.Мейманбаевтың жетекшілігімен аталған байқауға қатысуды ойлап, дайындалуда. Алайда қолбайлау болып тұрғаны қаржылық жағдай. Алматы қаласына бару жолпұлы, конкурсқа қатысу жарнасы – барлығы қатысушылар тарапынан төленетіндіктен, Рашидтің байқауға ұстазымен бірге барып-қайтуына қажет болып тұрған 120 000 теңгені табу жас өнерпаздың ата-анасына қиынға соғып отыр. Сондықтан өнерлі өреннің талпынысына, өнердегі қадамына қолдау көрсетуге бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді осы шағын мақала арқылы шақыруды жөн көрдік.

Құрметті кәсіпкер азаматтар – өнер жанашырлары! Жас өнерпаз Рашид Рахимовтың Алматыдағы байқауға қатысуына қажетті қаржыны табуына көмектесуіңізді сұраймыз. Шын таланттың өнердегі жетістікке жетуіне қол ұшын соза жүріңіз, ағайын!

Көмек ұсынуға ниет танытқан жандарға Рашидтің анасы Ақзира Рахимованың телефон номерін ұсынамыз: 7 705 107 20 42.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему