Маңғыстауда нәрестелер өлімі көбейгені анықталды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда нәрестелер өлімі көбейгені анықталды

10 Декабря 2016 (16:04) | 1937 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Ақтау қаласының прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесі нәрестелер өлімінің көбейгенін көрсетті.

Әрине, бұл қуантарлық жағдай емес! Статистикалық деректерге сай, Маңғыстау облысы бойынша 2016 жылдың 9 айында – (2015 ж. 9 айы – 16 000-нан астам)17 000-нан астам нәресте дүниге келсе, оның 125-і (2016 ж.-109) шетінеген.

         Нәрестелер өлімінің көбею себебі – жүкті әйелдердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша уақытылы есепке тұрмауы, дәрігер кеңесіне құлақ аспауы, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің босандыру барысында тиісті медициналық көмек көрсетпеуі және жол-көлік оқиғасы салдарынан орын алған.

         Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Айнұр  Жөнелбектің мәлімдеуінше: «Мысалы, азаматша О.- ның жағдайында облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттеріне салғырт қарап, медициналық көмектің уақытылы және сапалы көрсетілмеуі нәрестенің қайтыс болуына әкеп соққан.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасынының Қылмыстық Кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс (медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) қозғалып, Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

            Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаларға сай қайтыс болған 1 жасқа дейінгі балаларға патологиялық-анатомиялық ашып қараудың жүргізілуі міндетті болып табылғанымен, медицина ұйымдары басшыларымен аталған талап орындалмаған.

Облыстық, қалалық перинаталдық орталықтармен, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және балалар ауруханасымен нәрестелер өлімінің себебін анықтап, аурудың диагнозын нақтылау мақсатында 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында қайтыс болған 116-ға жуық (2015 ж. – 118)  нәрестенің 20-на (2015 ж- 22)қатысты патологиялық-анатомиялық ашып қараудың жүргізілмегені анықталды».

-Көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесімен қалалық және перинаталдық орталық, облыстық жұқпалы аурулар, балалар ауруханасы басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - дейдібөлім прокуроры Айнұр Жөнелбек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему