Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын
19 Декабря 2016 (12:40) | 1933 | Автор: Нурганым Имашева
Мерейлі мереке қарсаңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н.Касымовтың Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау телеграммасы оқылды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының негізінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қ.Б.Базарбаев адал қызметімен көзге түскен қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттады.
Құттықтаудан соң Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесіне арналған фильм ұсынылды. Салтанатты жиналыс концерттік бағдарламамен аяқталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему