Медициналық сақтандыру сарапшылары мұнай саласының қызметкерлерімен кездесті
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Медициналық сақтандыру сарапшылары мұнай саласының қызметкерлерімен кездесті

28 Апреля 2019 (13:08) | 3099 | Автор: Нурганым Имашева

Медициналық сақтандыру қоры сарапшылары «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ басқармасы қызметкерлерімен кездесті. Онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы кең талқыланды.

 

 

«Денсаулық саласындағы қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – МӘМС жүйесінің басты мақсаты» - деп атап өтті МӘМС қоры Маңғыстау филиалының директоры Бақыт Торғайбайұлы Исмаханбетов.

 

-Бүгінгі таңда қарапайым халықтың қымбат медициналық қызметтерге қалтасы көтере бермейді. Дәрі-дәрмектердің де құны арзан емес. Осы мақсатта мемлекетіміз егжей-тегжейлі сараптап, ауқымды зерттеу жүргізу нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жаңалық халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға септігін тигізеді. Сақтандырылған азаматтар магнитті-резонансты томография (МРТ), КТ сияқты қымбет зерттеулерден тегін өте алады, сондай-ақ бүйрек, бауыр, жүрек ауыстыру сияқты күрделі оталарды ақысыз жасататын болады, - деді ол.

 

Бақыт Торғайбайұлының айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейтін медициналық қызметтердің жекелеген түрлері ерікті медициналық сақтандыру (бұдан әрі – ЕМС) арқылы төленуі мүмкін, мысалы: ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті мерзімдік тексерулер, санаториялық-курорттық емдеу және т.б. Барлығы кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке тұлға немесе кәсіпорын (Ұжымдық шарт негізінде) МӘМС пакетінде қызметтерді қайталамайтын ЕМС қызметтер пакетін таңдай алады.

 

 

Бұл жерде ескерте кететін жайт, өлкемізде ірі кәсіпорындар болмаса, өз жұмысшыларына ЕМС пакетін ұсынуға барлық бірдей мекеменің мүмкіндігі жете бермейді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға салық төлеу режимінің жаңа түрі Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. БЖТ айлық төлем көлемі: 1 АЕК – республикалық, облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін (2 525 тенге); 0,5 АЕК – ауыл тұрғындары үшін (1 263 тенге). Бірыңғай жиынтық төлемнің 40%-ы медициналық сақтандыру қорына аударылады.

 

Мұнайшылар жеке емханаларда тегін қаралу қаншалықты қолжетімді екендігін сұрады. Маңғыстау тұрғындары Медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалымен келісімшарт жасасқан жеке емханаларда тегін ем қабылдай алады. Бұл туралы біздің басылымға «ФСМС» Маңғыстау филиалы хабарлады.

 

Фото: Ербол АЙТБАЕВ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему