Ақтау қалалық ТЖ Басқармасы мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 01:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық ТЖ Басқармасы мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды

4 Декабря 2016 (19:18) | 2564 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына (КТИ) үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері облыс орталығының жалпы білім беру мектептерінің оқушыларымен бірнеше кездесулерді ұйымдастырды.

 

Мектептердегі басқосуға Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмас Атапкелұлы Искаков, басқарманың аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Нұрсұлтан Абдираш қатысты.

Шараға Ақтау қаласының 5 орта мектебінің 10 және 11 сынып оқушылары шақырылды.

 

Облыс орталығының №2 жәек№3 орта мектерінде өткен кездесу барысында оқушыларға арналып Көкшетау техникалық институтының тарихы, күнделікті тыныс-тірлігі туралы мазмұнды әңгіме өрбітілді және үгіт-насихат ретінде ЖОО туралы бейнефильм көрсетілді, сондай-ақ, оқуға түсу тәртібі жайлы мағұлаттар берілді. Жас жеткіншектер тарапынан қойылған сауалдарға мамандар тұшымды жауап берді.

 

-Жалпы, насихат жұмысы барысында оқушылардың, сондай-ақ жас өрт сөндірушілер жасақтары арасынан КТИ-ге түсудің жайы қызықтырған балалар саны аз болған жоқ.

Аталған жұмыс алға қарай да, қалыптасу және үміткерлерді сапалы түрде іріктеу, қабылдау мақсатында жалғасатын болады. ТЖ Басқармасы ұйымдастырған кездесулерге қатысқан үміткерлердің саны 50 оқушы.

Өртсөндіруші-құтқарушының мамандығын алып, әскери шенге ие болу, физикалық және моралдық жағынан өз-өзіне қатал талап қоя білетін мықты, жігерлі сарбазға айналу, жалпы ТЖ саласының қызметкері болу – бұл әрбір жас жеткіншек үшін үлкен өмір мектебі, ер азаматтың парызы.

 Сондықтан осындай жоғары жауапкершілікті талап ететін күрделі де қызықты кәсіпті таңдауға ықпал ету – біздің басты мақсатымыз.

Елін, жерін, өз туған халқының амандығын қорғауға даяр тұратын нағыз азаматтарды тәрбиелеп, өсіруді, жастарды білім алып, ізгілікті мамандық иесі болуға ынталандыруды көздейміз, - дейді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмас Атапкелұлы Искаков жоғарғы сынып оқушылары арасында өткізілген мамандыққа бағдарлау шарасының мақсаты туралы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему