Маңғыстаулық жастар соғыс және тыл ардагерлеріне алғыс айтты
2 Марта 2019 (13:07) | 2858 | Автор: Нурганым Имашева
1 Наурыз - елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі ретінде алғаш рет Елбасының Жарлығымен 2016 жылдан бастап аталып өтіп келеді.
Көктемнің алғашқы күні – мерекелі күні Маңғыстаулық жастар қаламыздағы Боқаев Бисен, Жүзбаев Айберген, Үмбетқалиқызы Қамқа, Хыдырбаев Каир және т.б. соғыс және тыл ардагерлерінің үйінде қонақта болып, айтулы мерекемен құттықтап, сый – сияпат көрсетті.
Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айсұлу Азамат:
-2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этностардың құт сыйлаған қасиетті мекені мен кеңпейіл қазақ халқына деген терең тағзымының белгісі ретінде 1 наурызды алғыс айту күні деп атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын.
Біз, жастар осынау мейірімділік пен ризашылыққа толы күні бүгінгі бейбіт заман үшін батырлық пен еңбекқорлықты ту еткен ардагер ата – әжелерімізге өз алғысымызды жеткізгіміз келді.
Ардагерлеріміздің үйінде қонақта болып, елдегі жаңалықпен бөлісіп, батасын алдық. «Ер есімі – ел есінде», біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз!-дейді.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему