1500 адам түрмеден босатылады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

1500 адам түрмеден босатылады

13 Декабря 2016 (22:42) | 1615 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Елбасы «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттің ізгі ниетінің көрінісі болып саналатынын айтты.

-Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтты.

-Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл – ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соның 80 пайызы пробация қызметінің бақылауында болатынын атап өтті.

-Бұлардың бәрі – өз азаматтарымыз. Олардың түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру керек. Бәріміз оларға көмек көрсетуіміз қажет. Кешірім жасалғандар енді заңсыздыққа жол бермейді деп үміттенемін, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда заңнаманы ізгілендіру жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему