Бактериальды вагиноз:алдын алу
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бактериальды вагиноз:алдын алу

21 Мая 2018 (20:50) | 3753 | Автор: Нурганым Имашева

Бактериальды вагиноз – бұл көпмикроптардан  шығатын клиникалық  синдром,оған қынап  сөлінің өзгерісі, лактобактериалды флора мен анаэробты микроорганизмдер   арасындағы  ығысу тән  болады.

 

 

Осы ауру  басқа да Gardnerella vaginalis мен Mobiluncus species анаэробты және ішінара  анаэробты микроорганизмдермен бірге таяқшаларын  туғызады.

 

Gardnerellavaginalis бұл –- ағаш тәріздес ұсақ таяқшалар,   Mobiluncuspecies- көлемі мен қалыңдығы әртүрлі  жартылай дөңгелекше иілген таяқшалар болып  табылады. Осынау  микроорганизмдергемынадай  маңызды қасиеттер  тән болады: осылар тіршілік ететін микрофлорамен бірігіп, өзекті жасуша деп   аталатын, безді жасушаның үстіңгі бетінде шоғырланады, нативті  не боялған  препараттарда болғанда бактериальды вагиноз диагностикаланады.

 

Бактериальды вагиноз кезінде қынаптың экожүйесінде өзгерістер  орын  алады: Lactobacillus үлгісіндегі морфо қалыпты микрофлорасы анаэробты микроорганизге ауысады. Аэробты және анаэробты микроорганизмдер  арасындағы арақатынасы анаэробты жағына қарай өзгереді, рН қалыпты қынаптық сөлі4,5 жоғары көтеріледі. Микроорганизмдердің саны 1 г тінге жүздеген есеге көбейеді. Еркектерде несеп жолының  шырышты қабығында жоғарыда айтылғандай микрофлора анықталады. Өйткені, бактериальды  вагиноз кезінде қабыну реакциясы әлсіз болады, еркектер мен  әйелдердің несеп жолының шырышты қабықтарымен бірге микрофлорасы қолайсыздық әкелмейді.

 

Клиникалық көрінісі: бактериальды вагинозы бар әйелдердің зертханалық диагнозы  расталғанына қарамастан, 50% жағдайында  шағымдануы болмайды. Клиникалық жағдайы білдірген науқастар жағымсыз сезімдеріне, кей кезде қышитынына, несеп шығаруда және бөліністі шығарудыңбұзылуына  шағымданады.

 

Өткір  қабынуы  үрпіде,  қынаптың  шырышты қабығында, жатыр  мойнында және  жатыр  мойнының өзегінде байқалуы  мүмкін. Бұған  иісі бар сұрғылт- ақшыл түсті  бөлініс  тән  болады, бұл  сілтімен байланысқаннан  кейін  балық иісін құрайды. Еркектерде әдетте  Gardnerellavaginalis қабынуды  туғызбайды,дегенмен   кей  кезде  бұл  үрпіде байқалмақ.

 

Диагностика

  1. иялық әдіс.
  2. ялық  әдіс.
  3. Саралау  диагностикасы зертханалық диагностика  әдісін  қолданумен, басқа да урогенитальды  инфекциялармен  жүргізіледі.

 

Бактериальды вагиноздың алдын алу 

Бактериальды  вагиноздың  дамуына   ықпал   ететін  жорамалданған   факторларды  жою, әйелдердегі бактериальды вагиноздың  қайталану  жиілігін  азайтуға     көмектеседі.

 

Осы  факторларға  мыналар жатады:

- дәрігердің  бақылауынсыз,  өз бетімен антибиотикпен емделу;

- пациенттегі эстроген гормоны өнімінің азаюы;

-  жатырішілік иірменің  болуы;

- бүркіп  жуу;

- джакузи ваннасын  қабылдау;

-интимді гигиенаның құралдарын (бүріккіштер, дезодоранттар және  басқа да құралдар) пайдалану;

- интимді гигиена  мен сусебезгіге  арналған  сұйық сабындарды қолдану (оның орнына гипоаллергенді сабын  тілімін пайдалану керек);

- сексуалды серіктестер саны.Пациентте сексуальды серіктеспен ауысымынан кейін және сексуальды  серіктестер  санының  көбеюі  кезінде бактериальды  вагиноздың даму жиілігі артады.

 

Гигиена қағидаларын сақтаңыз және бірінші  кезекте орныңнан  сауатты  түрде  тұра білуді үйреніңіз (төменнен жоғары  емес, қайта  алдынан артқа қарай).

 

Тар іш киімді  кимеңіз – бұл  кіші жамбастағы  қан  айналымын  бұзып,  қынаптағы микрофлораның  құрамын өзгертуге   әкеледі.

 

 Күн  сайын астар  салып жүруге  әуестенбеңіз:  бұлар жыныс  органына  оттегінің жеткілікті келуін бөгейді, бұл – «зиянды» бактериялардың  көбеюіне  ықпал   етеді.

 

Бұл синтетикалық іш киімдерге де қатысты. Осы киімдерді мақта-матадан  тігілген киімдермен ауыстырған жөн.

 

Вагиниттер мен вагинозды емдеу схемаларының айырмашылығы бар және препараттарын дәрігер тағайындауы тиіс. Қалай дегенмен, кез-келген әдеттен бөлек бөліністер  пайда болған кездегинекологқа жүгіну керек.

 

Д.Чотбаева

ЖИТС МОО дәрігер-дерматовенерологы 

 

Суреттер Kursiv.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему