Exit pool қызметі: маңғыстаулықтардың белсенділігі байқалады
6 Июня 2022 (10:31) | 1040 | Автор: Редакция
Exit poll өкілдері Ақтау, Жаңаөзен қаласы мен өңірдің басқа да елді мекендерінде жұмыс істеуде. Олар жергілікті референдум учаскелерінде аймақ тұрғындарының жоғары белсенділігін атап өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Олар таңертең қала мен өңірдің әр жерінде орналасқан оннан астам дауыс беру орындарына барып, учаскелерден шыққан азаматтардан референдум туралы пікірлерін білу мақсатында сауалнама жүргізді.
- Маңғыстау облысының тұрғындары тарапынан референдумға қызығушылық байқалады. Жастардың үлесі басым. Бұл бұрын байқалмаған. Барлық жерде біз адамдардың белсенділігі жоғары екенін байқадық. Бүкіл халық дауыс береді деп ойлаймын. Қала тұрғындарының көпшілігі бүгінгі таңда олардың болашағы үшін қаншалықты маңызды мәселелер шешіліп жатқанын түсінеді, деді «Астана» кешенді зерттеулер компаниясының өкілі Наталья Зуева.
Сондай-ақ, бақылаушылар жалпы учаскелерде дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын, соның ішінде техникалық жағдай жасалғанын атап өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему