Аймақтың жас балуандары сайысты
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 00:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтың жас балуандары сайысты

15 Ноября 2016 (19:01) | 2082 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

            Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дзюдо күресінен 2000-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған ашық өңірлік турнир өтті.

 

Жарысқа Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Маңғыстау, Қарақия, Бейнеу аудандарынан және Жыңғылды ауылынан келген 290 балуан қатысты.

Спорттық шараның ашылу салтанатында облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Иманғалиев, «Жастар» БЖСМ басшысы Манарбек Бисекенов, жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен ҚР спорт шебері Ерлан Серіков, жарыстың хатшысы Ғайса Қалмұханов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

            - Бұл жарыс-алдағы желтоқсан айында КСРО спорт шеберіне үміткер Баламұрат Ақшабаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнирге дайындық есебінде де ұйымдастырылып отыр.

Бүгінгі жарыстан жеңімпаз атанып, үштікке кірген балуандар сол жарысқа қатысатын болады. Сонымен қатар жарыстан бірінші, екінші орын алған балуандар ҚР-ның «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ алады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, «мықтылардың» топ жаруына тілекшімін. Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық спорт басқармасының және облыстық дзюдо федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін, - деді облыстық «Жастар» БЖСМ басшысы Манарбек Бисекенов турнир басталар кезде сөйлеген сөзінде.

            Турнирдің шымылдығын ашып, түндігін түрген 2000-2003 жылы туған балуандардың арасынан А. Рембаев («Жастар» с/м), Д. Төлегенов (Жыңғылды спорт интернаты), Т. Еңсегенов (Жыңғылды спорт интернаты), А. Бердіханов (Жаңаөзен қаласы), Н. Қуанышұлы («Жастар» с/м), С. Хасан (Қарақия ауданы), Ж. Қаспаев (Жыңғылды спорт интернаты), М. Зұлқарнаев (Маңғыстау ауданы), Н. Манарбекұлы («Жастар» с/м), Д. Жолболдин (Маңғыстау ауданы), Е. Рамазанов (Жаңаөзен қаласы), А. Ақылбаев (Маңғыстау ауданы), М. Әділ (Жаңаөзен қаласы), Н. Қыдырбай («Жастар» с/м),  Е. Тұрақбаев (Шебір ауылы), А. Қойбағар («Жастар» с/м), С. Тоқсанов (Жыңғылды спорт интернаты) жеңіс тұғырынан көрініп, алтынмен апталды.

            - Бүгінгі жарыста 42 келі салмақта белдестім. Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Жалпы бұған дейін Ақтөбе қаласында самбодан өткен турнирде топ жарып, түбекке жеңіспен оралдым.

Сондай-ақ, Ақтауда биыл сегізінші рет дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирінде және самбодан өткен Ақтау кубогінде алтын медальдарды иелендім. Енді алдағы желтоқсан айында өтетін республикалық турнирде жеңімпаз атану үшін барымды салып, дайындалатын боламын, - дейді жас спортшы Данияр Жолболдин.

            Боз кілемнің шаңын қаққан 2004-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Р. Нұрмаммед («Жастар» с/м), Ж. Мұхаммедияр (Жыңғылды спорт интернаты), Г.Бектұрған (Жыңғылды спорт интернаты), К.Көмеков (Жыңғылды спорт интернаты), К. Ізтұрған (Маңғыстау ауданы), К. Абитұлы (Маңғыстау ауданы), Н.Қанатбай (Маңғыстау ауданы), Н. Түгелбай (Жыңғылды спорт интернаты), М.Алдаберген («Жастар» с/м), Ж. Сағынғалиев («Жастар» с/м), Б. Жантілеков (Жыңғылды спорт интернаты), Е. Бұхар (Жыңғылды спорт интернаты), А.Қыдырғалиұлы («Жастар» с/м), А. Қонысбай (Маңғыстау ауданы), Ы.Саламат (Жыңғылды спорт интернаты), С.Кенжебек (Жыңғылды спорт интернаты), Р.Жексенбай (Қарақия ауданы) алтын медальдің иесі атанды.

Жүректілер мен білектілердің айқасында қыздар арасында Б.Мнажаддин («Жастар» с/м), Ж.Аманғалиева («Жастар» с/м), Г.Жолдасбаева («Жастар» с/м), Н.Сапарбай («Жастар» с/м), А.Рахметова (Маңғыстау ауданы), И. Асан («Жастар» с/м) алтыннан алқа тақты.

            - Бұған дейін дзюдодан өткен «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жүлдесіне арналған топаралық біріншілікте де алтын медальді иеленіп, өз салмағымда жеңімпаз атанған болатынмын.

Сол жеңісімді бүгінгі облыстық жарыста қайталап, бапкерлерімнің үмітін ақтағаныма өте қуаныштымын.

Болашақта Азия, Әлем чемпионы атанып, Олимпиада шыңын бағындырғым келеді, - дейді 34 келі салмақта белдескен балуан Ботагөз Мнажаддин.

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему