Ақтауда адам құқықтары мәселесі талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда адам құқықтары мәселесі талқыланды

30 Октября 2016 (14:41) | 1828 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласында ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы Бағдарламалар офисі және Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруларымен «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараға жергілікті соттардан өкіл ретінде Ақтау қаласы №2 сотының судьясы Анар Толықбаева, Мұнайлы аудандық сотының судьясы Ерлан Ильясов, Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Гауһар Нұрханова және бас маманы Ерсін Қазиев қатысты.

 

Семинарды облыс әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева ашып, жүргізіп отырды. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен сарапшы-тренерлері Т.Әбішев, С.Жаркенова, З.Байсақовалар адам құқықтары мен бостандықтарынан бастап осы тақырыпта барлық тетіктерді қамти отырып, кең ауқымда түсінік берді. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы, еңбек шарты, еңбек даулары, Қазақстандағы әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтары, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы мәселелері де талқыланды.

 

Интерактивті диалог ретінде ұйымдастырылған шара өте қызықты өтті. Көпшілік тарапынан сот жүйесіне де сұрақтар қойылып, судьялар толық көлемде жауаптар берсе, Г.Нұрханова, Е.Қазиевтер белсенділік танытып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сауалдар жолдап отырды. Айта кету керек, сарапшы-тренерлер республика соттарының жұмысына, ашықтығы мен жариялылығына, сот ғимараттарында азаматтар үшін ілінген ақпараттық материалдардың кеңдігіне оң баға берді.

 

- Түрлі сала өкілдері бас қосқан ауқымды шарада қажетті ақпараттар мен мәліметтер беріліп, бірқатар мәселелер талқыланды. Ұйымдастырушылардың ұйытқы болуымен және көпшіліктің сұранысымен аталған семинар-тренинг аудан орталықтарында жалғасын табуда, - дейді осы жаңалықпен бөліскенМаңғыстау облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары.

 

 

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему