Мамандар тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді
16 Сентября 2019 (15:20) | 3250 | Автор: Нурганым Имашева
Ауа-райының салқындауына байланысты қатты отынмен және газбен жылытылатын пештерді орнату және пайдалану ережелерінің бұзылуы, сонымен қатар тұрмыстық электр жылытқыш аспаптарды (электрлік жылытқыштар, майлы радиаторлар және т.б) қолданудың ережелерінің сақталмауына байланысты өрттердің саны артуы мүмкін.
-Осындай өрттердің алдын алу мақсатында жылыту пештері мен электржылтқыш аспаптарды қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Жылыту маусымы алдында үйлердегі пештер тексеріліп, жөнделуі тиіс. Өртке қарсы бөлімдер мен шегіністер зақымдалмауы керек, ал от жағатын тесігінің қасындағы ағаш немесе басқа материалдан жасалған еденде көлемі 0,5 және 0,7 метр өртке карсы қаңылтыр төселуі тиіс. Төбеге орнатылған түтіндіктер және түтіндік каналы өтетін қабырға әктелуі тиіс.
Жыл сайын жылыту маусымы басталар кезде, сонымен қатар маусым ішіндегі 3 айда кемінде 1 рет түтіндік пен от жағылатын пештерді күлден тазарту қажет. Жылыту пештері дұрыс орнатылмаған жағдайда немесе қауіпсіздік ережесі сақталмаған жағдайда бұл тек қана өрттің туындауына ғана емес, сонымен қатар адамдардың улануына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет,-деп ескертеді Мұнайлы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау лейтенанты Муслим Худайберген.
Оның мәлімдеуінше, «Жылыту пештерін пайдалану кезінде: жағылған пешті караусыз қалдыруға, сонымен қатар пештерді қарауды кішкентай балаға тапсыруға, отынды (ағаш, көмір) және т.б жанғыш материалдарды пештің алдындағы қаңылтырда қалдыруға; пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын, май және тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға болмайды; белгіленбеген отын түрін пайдалануға, түтіндік ретінде желдеткіш және газ арналарын пайдалануға, отты қатты қыздыруға рұқсат етілмейді.
Газбен жылытылатын пештер мен қазандықтарды пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын, зауыт белгілеген нұсқаулар мен газ мамандарының ұсынымдарын қатаң сақтау қажет.
Өрт туындау қаупін болдырмайтын жылу қорғау құрылғысымен (термореттегіш) жабдықталмаған, жанбайтын, жылу оқшаулауыш материалдан жасалған тұғырсыз электр үтіктерін, электр плиткаларын және басқа да электр жылытқыш құралдарын қолдануға тыйым салынады.
Термореттегіштермен және жылу қорғау құрылғысымен жабдықталған электр майлы радиаторлар бөлмелерді жылыту үшін өрт қауіпсіз аспап болып есептеледі. Сонымен қатар бөлмелерде электр жылытқыштарды орналастырған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау керек.
Оларды жанатын материалдардан, корпустық және жұмсақ жиһаздан алыста ұстау керек. Оларды кілем немесе басқа да жеңіл тұтанатын бұйымдар төселген еденге, кереуетке және төсек-орынға жақын орналастыруға тыйым салынады».
-Қолдан жасалған электржылытқыш аспаптарды қолдануға, сақтандырғыштың орнына калибрленбеген балқығыш кірістіргіштер немесе шамадан тыс және қысқа тұйықталудан қорғайтын басқа да қолдан жасалған аппараттарды қолдануға тыйым салынады. Сонымен қатар электр жылытқыш аспаптарды қолдану жөніндегі зауыттың нұсқаулықтары талаптарын сақтау қажет.
Барлық азаматтарды қырағылық танытып, мұқият болуға шақырамыз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін ұмытпаңыздар және сақтаңыздар!- деп ескертеді Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Муслим Үсенұлы.
Суреттер sqo.emer.gov.kz, tolqyn.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему