Ерекше қамқорлыққа зәру жандардың құқықтары қалай қорғалуда?
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 16:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерекше қамқорлыққа зәру жандардың құқықтары қалай қорғалуда?

12 Октября 2016 (16:12) | 1873 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл сауалдың жауабына жергілікті БАҚ тілшілері Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалы алаңында Маңғыстау облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі Трифонов Владислав Вячеславовичтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында қанықты.

 

Бүгінгі таңдағы статистикалық мәліметтерге сай, биылғы жылдың І жартыжылдығында аймақ бойынша 21 407 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген, бұл сан облыс тұрғындарының 3,4% құрайды.Олардың қатарында - 9 991адам – әйелдер болса, 11 416 адам –ерлер, ал 18 жасқа толмаған мүгедек балалар саны - 3 816.

 

Жұмыс жасайтын мүмкіндігі шектеулі жандардың саны - 2209 болса, олардың - 980 –і әйелдер, ал 1229-ы ерлер.

 

Баспасөз мәслихатында тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген спикер Владислав Вячеславович жергілікті билік тарапынан мүгедек жандардың өмір сапасын жақсартуға арналған түрлі щарлар атқарылып жатқанына назар аударды. Оның мәлімдеуінше, «Маңғыстауда сәулет және қала құрылысы Басқармасы жетекшілік ететін ведомствоаралық облыстық комиссия құрылып, жұмыс жасауда. Ол мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемаларының мониторингін жасап отырады. Сол проблемалардың бастыларының бірі болып табылатыны – мүгедек адамдардың ғимараттарға көтерілуіне арналған арнайы пандустардың құрылысының талаптарға сай келмеуі болып табылады.

 

Бар пандустардың – дұрыс салынбауы анықталуда. Олар – мүгедектерге арналып емес, жай есептілік үшін жасалғаны байқалады».

 

- Әлеуметтік маңызы бар нысандарды құжаттандыру және инвентаризациялау кезінде нысанның төлқұжаты деген құжат болады. Сол төлқұжаттардың бүгінгі күнге толтырылғандарының көпшілігіндегі мәліметтер дұрыс емес. Көптеген орындарда пандустардың бары рас, алайда олардың көбі қойылатын талаптарға сай келмейді. Бар пандустарда сырғанауға қарсы тұра алатын жабындар, зақымдануды болдырмайтын тұтқалар, таяныш тұтқалардың арасындағы арақашықтықтар сақталмаған немесе көтерілу биіктігінің нормалары сақталмаған болып келеді. Сондықтан осы талаптардың біреуі болса да сақталмаса, нысан мүгедектерді бейімдеу талабына сай емес болғаны. Көбіне-көп пандустар жап-жақсы жасалған болып көрінгенмен, олардағы таяныш тірегінің арақашықтығы 90 см болуы тиіс болса да, шындығында 1,5 м етіп салынғанын көреміз. Сондықтан осы тиісті нормаларды сақтау туралы түсіндіру жұмыстары біздің тарапымыздан ұдайы жүргізілуде,- деді Маңғыстау облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі Трифонов Владислав Вячеславович тілшілер сауалына жауап ретінде.

 

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар нысандарды монитрингілеу нәтижесінде олардың 557-сі мүгедектерга арналып бейімделуге жатады, олардың кейбірі дайын делінгенмен, егер кейбір элементтері жетіспейтіні анықталса, олар қайтадан жабдықталуы тиіс.

Бұрын ғимарат құрылысын жүргізу кезінде адамдар нысанның төлқұжатын есептік құжат санап, оған мәліметтерді формальды түрде жаза салатын. Бүгінгі таңда біз оларға мұндай құжаттардың жұмыс құжаттары болып табылатынын айтып, олардың негізінде жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, соған қарай қаржы бөлінетінін түсіндірудеміз, - деді Владислав Трифонов.

 

Облыс әкімінің кеңесшісінің мәлімдеуінше, Маңғыстау облысының көлік инфрақұрылымы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғаны туралы мақтанышпен айта алмайды. Оның айтуынша, «Ақтау әуежайы толық бейімделген. Кіру мен қызмет көрсету толығымен нормаға сай келеді. Әуежайда мүгедек жанның алдын-ала тапсырысы бойынша ұшаққа отыруына көмектесетін қызмет көрсету бригадалары бар. Сонымен қатар темір жол вокзалы да жартылай бейімделген. Ал ондағы әлі істелер шаруалар біршама».

 

Сонымен қатар баспасөз мәслихатында облыс көлемінде мүгедектерге арналған арнайы «Инватакси» қызметі жұмыс істейтіні, облыс орталығында көзі нашар көретін жандарға арналған арнайы кітапхана жұмыс жасайтыны, спорттық үйірмелер мен секциялар бары туралы және мүгедектердің құқықтарының қорғалуы жайындағы басқосулар өткізіліп отыратыны жайлы да айтылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему