Ақтауда 12,3 миллиард теңгені құрайтын 43 жоба іске асады
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 06:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 12,3 миллиард теңгені құрайтын 43 жоба іске асады

1 Июня 2020 (09:07) | 1696 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл  туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дастан Бегендіков мәлімдеді.

 

 

- «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  жоба мүмкіндіктері жарияланғаннан бері, орталықта «Еңбек нарығы» базасында жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған 1000 жуық жұмыссыз азаматтарға  жолдама беріліп, Ақтау қаласы бойынша 390 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.  Бағдарлама аясында барлығы 12,3 миллиард теңгеге 43-жоба және 3 500 адам жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жалақы көлемі жұмыс ауқымына байланысты 85мың теңгеден 150 мың теңге аралығында төленеді. Бағдарламаға қатысушы мердігер мекеме Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1742 азаматты яғни, (50%) жұмыссыз азаматтар қамтылады деп күтілуде. Жобаға қатысуға ниет білдіретін жұмыссыз азаматтар, міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласында болу қажет,- деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

 

Оның мәлімдеуінше,  «Жол картасының» инфрақұрылым  жобалары 4 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:

 

Әлеуметтік-мәдени нысандарды   күрделі, ағымдағы жөндеу, қайта салу және құрылысын салу (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру нысандары);

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы күрделі, ағымдағы жөндеу (газ, жылу жүйелері, суқұбырлары, канализация);

 

Қаладағы  инженерлік-көлік инфроқұрылымдарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу (автомобиль жолдары);

 

Шағын аудандарды  абаттандыру жұмыстары;

 

Жол картасы шеңберінде бір мектеп салынып, 2 мектепке күрделі жөндеу, 12 мектеп және 4 балабақшаға  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда және жүзеге асырылуда.

 

Сондай-ақ 3 театр, 3 спорт нысаны, 4  әлеуметтік нысан, 3 колледж, 3 денсаулық сақтау мекемесі жөндеуден өтеді». 

 

 

- Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз болып тіркелу үшін Ақтау қаласы, 35 шағын аудан, №2 ғимаратында орналасқан Кәсіпкерлер палатасынан толық мәліметті алуға болады. (байланыс телефоны 30-50-65)

Бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен азаматтар www.enbek.gov.kz сайтының «Еңбек биржасы» айдарынан танысып және «CZ-Aktau» атты мобильді қосымшада жұмыс берушілер үшін түйіндеме қалдыра алады,- деп сөзін түйіндеді Дастан Бегендіков.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему