Жылыту маусымында өрттердің алдын алу
12 Марта 2019 (16:09) | 2333 | Автор: Нурганым Имашева
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қысқы-көктемгі кезеңде өрттің шығу қаупі туралы ескертеді. Ауа температурасының күрт өзгеруі өрт жағдайын күрделендіреді. Көбінесе бұл электр жабдықтарын, тұрмыстық электрқыздырғыш аспаптары мен пеш, газ жылыту құралдарын орнату және пайдалану ережелерін дұрыс қолданбағанына байланысты.
2018 жылы Маңғыстау облысының аумағында 316 өрт тіркелді. Өрт салдарынан жалпы материалдық шығын 39 миллион 400 мың теңгені құрады. Өткен жылы өрт салдарынан жеті адам қаза тапты, 11 адам жарақат алды, 2017 жылмен салыстырғанда 19 адам жарақат алды, 42 пайызға азайды. Төрт адам улы газдан уланып қаза тапты, мұнда көрсеткіштер 25 пайызға өсті. Өрттің басым бөлігі тұрғын секторда – 121 оқиға (өрттердің жалпы санының 45 пайызы) және автокөлікте – 117 оқиға (өрттердің жалпы санының 13 пайызы) орын алды. Алайда, тұрғын үй секторындағы өрт саны 2017 жылмен салыстырғанда облыс бойынша бір пайызға азайды, автокөлікте өрт саны 13 пайызға өсті.
Еріктілер және қызметтің жеке құрамымен қысқы өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын алу мақсатында «Атамекен» жеке тұрғын үй секторы бойынша тұрақты рейдтер өткізілді. Бұл рейдтер профилактикалық сипатқа ие. Демалыс күндері Маңғыстау облысы бойынша өрт қауіпсіздігі сенбілігі болып жарияланды, оның барысында қала және ауыл тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту бойынша аулалық аралаулар жүргізіледі. Өрт сөндірушілер ата-аналардың, тұрмысы төмен отбасылардың, зейнеткерлер мен көп балалы ата-аналардың және Маңғыстау азаматтарын тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Электрқыздырғыш құралдарын пайдалану кезінде өрттердің туындауына ықпал ететін жағдайларды болдырмау үшін есте сақтау қажет:
- үйде бар барлық электр аспаптарын қажетсіз бір уақытта желіге қоспаңыз, ал егер сіз үйден кетсеңіз, оларды желіден ажыратыңыз;
- бүлінген рәзеткілерді және сөндіргіштерді, қолдан жасалған құралдарды пайдалануға болмайды;
- ақаулы құралдарды жөндеу тек білікті мамандармен жүргізілуі тиіс. Электрқыздырғыш құралдары кеуіп кеткен немесе зақымдалған сымдары бар аса қауіп төндіреді;
- электр жылытқыштардың қоректендіру сымдарының жылу сәулеленуі аймағына және суға түсуін болдырмаңыз;
- жылытқыштардың жиһазбен және маталармен жанасуы жылу тұтануын тудырады, сондықтан оларды пайдалану кезінде жанбайтын ток өткізбейтін тіреуіштерді пайдалану ұсынылады;
- үй-жайларда қолдан жасалған электр желілеріне жол бермеңіз;
- уақытша электр сымдарын орнатуға жол бермеңіз;
- қолдан жасалған электрқыздырғыш құралдарын пайдалануға жол бермеңіз;
- электр сымдарын қосу дәнекерлеу, тексеру жолымен жүргізілуі тиіс.
- электрқыздырғыш аспаптарды жалғағыш ашасыз қосуға жол бермеңіз.
Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу үлкен қайғыға және орны толмас шығындарға алып келеді. Өртті байқасаңыз, дереу 101,112 құтқару телефонына хабарлаңыз.
Ескертулерді біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жолдаған.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему