Маңғыстауда Кәсіпкерлер палатасы басшыларының есебі басталды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Кәсіпкерлер палатасы басшыларының есебі басталды

31 Января 2020 (10:52) | 1501 | Автор: Нурганым Имашева

Биылдан бастап тұңғыш рет өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен оған қарасты филиал басшылары іскерлер алдында есептік кездесу өткізетін болды. Маңғыстауда бұл келелі шараны МО Кәсіпкерлер палатасы Мұнайлы аудандық филиалының директоры Мадина Жанжігітова бастады. Алдымен облыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі "Каскор-Машзавод" АҚ ұжымына атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ашық сұхбат алаңында кәсіпорын қызметкерлері несие алу, бизнесті өркендету, кәсіпкерлікті сүйемелдеу сынды сұрақтарына тұщымды жауап алды.

 

 

Сонан соң Мадина Жанжігітова Мұнайлы аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан кәсіпкерлерінің алдында есебін жалғастырды. Маңызды шараға аудан әкімі Рахат Елизаров пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев та қатысты. Мұнайлы ауданында Палата филиалы жұмысын 2015 жылы бастады. Содан бері аудан бойынша кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау, кәсіпкерге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты, бизнесті және әкімшілік өзара іс-қимылдарды жетілдіру, сервистік қызмет көрсету қызметтерін атқарып келеді.

 

Мұнайлы ауданында қазір 140 мыңдай адам тұрады. 5700-дей бизнес субъектілері тіркелген. Олардағы жұмыспен қамтылған адамдар саны-10 097. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кепілдендіру бойынша 31, субсидиялау нысанында 35 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

 

Өткен жылы аудандық филиалда кәсіпті ашу бойынша 100 адамға кеңес берілген, тағы 50-не бизнес жоспар жасақтау бойынша көмек жасалды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер 840 кәсіпкерге, заңгерлік кеңестер 35 іскерге, бухгалтерлік кеңестер 92 адамға, несие алуға дайындалатын құжаттар бойынша сүйемелдеу 60 кәсіпкерге жасалды.

 

 

Есептік кездесу өте еркін, ашық өтті. Іскерлерді ауылшарушылығына субсидия алу, бизнесті өркендетуге кепілсіз несие, қысқа мерзімді курстарда оқу мәселелері толғандыратын болып шықты.

 

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Мадина Жанжігітова: «Аудандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары да нәтижелі болды. 2019 жылы барлығы 28 кәсіпкердің құқығы қорғалды.“Бастау” жобасымен ауданда тыңдаушылар 6 топқа бөлініп оқытылды. Барлығы 313 қатысушы оқумен қамтылды, оның ішінде 39 қатысушы грант игері атанды.

 

“Жас кәсіпкер” жобасымен 108 қатысушы оқып шығып, оның ішінде 32 қатысушы 505 мың теңге грант игері атанды. Ал, “Бизнес кеңесші” бойынша 192 адам оқытылды.“Бизнес өсу” оқуы бойынша 43 кәсіпкер білім алды»,- деді.

 

Мұнайлы ауданы бойынша шағын несиелер 97 адам, 510,6 млн.теңге алған. Оның ішінде «Атамекен» Микроқаржы ұйымы арқылы 12 кәсіпкер 108,4 млн.теңгеге қол жеткізді

 

 

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Мұнайлыда ауданның экономикалық әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында шағын және орта бизнеске сауалнама жүргізу арқылы скрининг жобасы басталды. Скрининг нәтижесінде алынған ақпарат негізінде нақты мамандануды қарастыратын аудандық дамудың картасы әзірленеді. Карта ауданның аграрлық, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардың өсу нүктелерін, сондай-ақ олардағы қажеттіліктерді көрсететін болады. Осы орайда ауданның үй шаруашылықтары мен кәсіпкерлік субъектілерге скрининг жүргізу сәтті аяқталды. Үй шаруасындағы 22 140 адам, ал 5138 кәсіпкерлік субъектілері арнайы базаға енгізілді.

 

Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ауданда 2 оқу орталығы, 4 балабақша ашылды. ІӘК ұйымдастурыумен өткен «Сән құрақ» фестивалінде кеңес мүшесі, Мұнайлы тұрғыны Г. Демеуова бірінші орынға ие болды. Ауданнан 5 қыз-келіншек қатысты. ІӘК-нің мүшесі Әуес Сағынаева 11 мектепте ауданның қыз-келіншектеріне текемет басудың жаңа технологиясын үйретіп, үш күндік ақысыз тренинг ұйымдастырды. Мұнайлы аудаында 2019 жылы атқарылған толағай табыстар жетерлік. Биыл да сол істерді жалғастыру межеленген.

 

Есептік кездесулер облыстың барлық қала, аудан кәсіпкерлерімен өтеді. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему