Жаңа жоба талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа жоба талқыланды

19 Сентября 2016 (09:31) | 1591 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығында өткен басқосуда 2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы салалық келісім жобасы талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

 

Шараға ҚР кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің мүшесі, мұнай-газ кешені саласы кәсіподағының төрағасы Сұлтан Қалиев, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі, еңбек құқығының сарапшысы Еңлік Нұрғалиева, мұнай-газ кешені саласы кәсіподағының төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков және аймақтағы салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

- Былтыр жаңадан Еңбек Кодексі қабылданған болса, биылғы жылдың сәуір айында «Халықты жұмыспен қамту» деген жаңа заң қабылданған болатын. Сол заңдардың баптарын ескеріп және қазіргі экономикалық дағдарысқа орай жұмыскерлердің, жұмыс берушілдердің, кәсіподақтардың міндеттері мен құқықтарын заңдарға сәйкестендіріп, салалық келісім жобасын жазып шықтық. Бүгін соның таныстырылуы өтуде. Ең басты мәселе-еңбек дауларының алдын алып, ереуілдерді болдырмау.

Бұл жоба қолдау тапса, алдағы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жасайды. Жалпы жобаны жетілдіру бағытында арнайы комиссия құрылған болатын. Оның құрамында 9 адамнан 27 –ге дейінгі білікті мамандар бар. Бүгінгі кездесуде қатысушылар тарапынан жаңа жобада ауыр, зиянды жұмыстардың жалақылары қалай қарастырылғаны, салалық коэфициент жөнінде сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Барлық айтылған ұсыныстарды жазып алып, қайтадан қарап шығамыз. Егер ол ұсыныстар бұрын қаралмаған болса, жобаға енгіземіз, - деген Еңлік Нұрғалиева жаңа жобаны түсіндіру мақсатында Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарында да кездесу өтетінін айтты.

 

Екі сағатқа созылған басқосуда еңбек құқығының сарапшысы жаңа жобаның артықшылықтары мен тиімді тұстарын жан-жақты әңгімелеп берді. Әр тармағына жеке-жеке тоқталып түсіндірумен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмысшылардың құқықтары сияқты өзекті мәселелерді сөз етті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему