Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Асима Мендалиеваның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туысқандарына көңіл айтады
16 Марта 2022 (13:35) | 2038 | Автор: Редакция
Сіздің отбасыңыз ауыр қазаны басынан кешіп отыр.
Өзімнің және Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұжымы атынан осы қазаға байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.
Ардақты ана, отбасының ұйытқысы бола білген Мендалиева Асима Жаманбайқызы 85 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Әрбір азамат үшін жарық дүниеге алып келген ананың орны, қадірі мен қасиетінің ерекше екенін жан жүрегіммен түсінемін.
Асима Жаманбайқызы саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнап, Атырау өңірінің әлеуметтік дамуына зор үлесін қосты, өзгеге үлгі боларлықтай ұрпақ тәрбиелеп, олардың өсіп-өнуіне дәнекер болды.
Осы шаңырақтан Мемлекет мүддесі жолында аянбай еңбек етіп жатқан ел азаматтарының шығуы - Асима ананың ақ сүтімен келген адамдық пен тәлім-тәрбиесінің жемісі деп білемін.
Алдағы уақытта отбасыларыңызда тек жақсылықтар болғай.
Көңіл айтушы,
Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы
Агенттіктің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің
басшысы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему