Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыру туралы
Курс валют в Актау
на 30/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
30 Декабря, 21:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыру туралы

19 Марта 2021 (13:02) | 2906 | Автор: Редакция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 11-VII ҚРЗ Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді.

 



Заң ұлттық заңнамаға халықаралық шарттың нормаларын имплементациялайды және Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның (бұдан әрі – Конвенция) күшіне енуіне әзірлігін қамтамасыз етеді.



Конвенцияда жағалаудағы мемлекеттердің ені 15 теңіз миліне дейінгі аумақтық суларды және ені 10 теңіз миліне дейінгі балық аулау аймағын белгілеу, сондай-ақ шектес және қарама-қарсы жатқан мемлекеттермен уағдаластық бойынша өз түбі мен жер қойнауы секторын ажырату құқығы көзделген.



«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңның 16-бабына сәйкес қазақстандық кәсіпшілік кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат алу талаптары сақталған жағдайда тәуліктің кез келген уақытында ішкі және аумақтық суларға шығу құқығы берілді.


Заңның 48-бабының 6-тармағына сәйкес аумақтық суларда (теңізде) және шағын көлемді кемелердегі ішкі суларда шаруашылық қызметті жүзеге асыратын қазақстандықтарға режимдік шектеулерсіз екі мильге дейінгі қашықтыққа теңізге еркін шығуға рұқсат етіледі. Бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (ҰҚК, ІІМ) тиісті ұсынымы қажет.



ҰҚК жеке және заңды тұлғалар демалу, туризм және спорт үшін пайдаланатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) режимдік шектеулердің қолданылуы, белгіленген акваторияда жүзуі және (немесе) пайдаланылуы тоқтатыла тұратын Каспий теңізі жағалауы учаскелерінің тізбесін жыл сайын белгілейді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему