Ақтау қалалық №2 сотында азаматтарға «Медиация туралы» Заңын түсіндіруге арналған «Ашық есік» күні өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық №2 сотында азаматтарға «Медиация туралы» Заңын түсіндіруге арналған «Ашық есік» күні өтті

8 Августа 2016 (13:33) | 2385 | Автор: Нурганым Имашева

 

Елімізде медиация институты 2011 жылдың 28 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді, яғни дәл осы күні Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңы қабылданып, ресми түрде жарияланды.

 

Заңға сәйкес, медиация – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын. олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен дауды (дау-шараларды) реттеу рәсімі.

 

«Қазақстан Республикасының       Медиация күні» атауымен елімізде ұйымдастырылған республикалық акцияның аясында Ақтау қаласының №2 сотында 4 тамыз күні     сағат 14.00-ден бастап кешкі сағат 18.00-ге дейінгі аралықта медиация заңнамасын халыққа түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

 

 Аталған іс-шара аясында қабылдауға келген азаматтарды Ақтау қалалық №2 сотының судьясы Б.Б.Байғожаев, Ақтау қаласының кәсіби медиаторлары А.Камаладинова, С.Сергей, Қоғамдық бірлестік қорының өкілі З.Бернейева қабылдады.

 

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету, сонымен қатар, «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін дауды медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілді.

 

Атап айтқанда, шарада азаматтық-құқықтық реттеу, алимент төлеу, жер, мүлік дауына, материалдық-моральдық шығынды өндіруге, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын және тағы басқа мәселелерге қатысты сұрақтар қаралды.

 

Сондай-ақ, Ақтау қаласының №2 сотының ғимаратында халыққа ыңғайлы тұста, яғни арнайы бұрыштама жасақталып, онда медиация заңын насихаттау барысында тиісті ақпараттарды алу үшін анықтама жасалды және арнайы бейне роликтер түсіріліп, дауды медиация арқылы шешудің жолдары және оның тиімділігі туралы көріністер үнемі сот ғимаратындағы телеарнадан жіберілуде.

 

Бұдан бөлек медиация заңын насихаттау барысында, Ақтау қаласының №2 сотымен бұқаралық ақпарат құралдарында, газет, журналдарда мақалалар үнемі жариялануда, соның нәтижесінде сот өндірісінде медиация заңын қолданумен біршама істер қаралып шешімін тапты.

Ақтау қаласы №2 сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «2013 жылы 37 азаматтық іс, 2014 жылы 74 азаматтық іс, 2015 жылы 60 азаматтық іс, ал 2016 жылдың 7 айында медиативтік 98 азаматтық іс медиация заңын қолданумен қаралды».

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему