Ақтауда «Қыс 2016» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өтті
21 Ноября 2016 (15:32) | 2128 | Автор: Нурганым Имашева
«Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында 2016 жылғы 16-18 қараша аралығында «Қыс 2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбына арналды.
Оқу-жаттығу барысында:
қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды (бұдан әрі – ТЖ) жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың әзірлігі мен қабілет деңгейін арттыру;
көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда өздеріне бағынысты күштерді басқару бойынша салалық және аумақтық кіші жүйелердің жұмысында үйлесімділікті жетілдіру;
қысқы кезеңдегі ТЖ ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексеружоспарланды.
Оқу жаттығуға: қалалар мен аудандардың әкімдіктері; төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар; Азаматтық қорғау қызметтері,мемлекеттік органдар; ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімдері; ұйымдар мен кәсіпорындар тартылды.
Бұл туралы ақпаратты ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі таратты.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему