Маңғыстаулық балуандар 12 алтынды жеңіп алып, Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар 12 алтынды жеңіп алып, Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

26 Марта 2018 (17:26) | 2249 | Автор: Нурганым Имашева

Дзюдодан Халық батырлары «Иса-Досан» жүлдесіне арналған 2001-2003 2004-2006 ж.т. жасөспірім ұл-қыздар арасында ІІІ Халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Байрақты бәсеке Ақтау қаласы 33 шағын аудандағы «Маңғыстау арена» спорт кешенінде 23-25 наурыз аралығында өтті.

 

 

Халықаралық турнирге еліміздің Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарынан және Қандағаш қаласынан, cонымен қатар Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің спортшылары қатысты.

 

Екі күнге созылған жарыста 2004-2006 жылы туылған қыздардан - 126 спортшы, 2004-2006 жылы туылған ұлдардан - 348 балуан, 2001-2003 жылы туылғандардан - 104 спортшы, 2001-2003 жылы туылғандар арасынан - 216 жасөспірім, барлығы: 794 спортшы боз кілемде белдесті.

 

Жарыстың бас төрешісі: Халықаралық дәрежедегі төреші Айтымбетов Данияр (Оңтүстік Қазақстан облысы) болса, турнирдің бас хатшысы: Ұлттық дәрежедегі төреші Хапанов Асхат (Маңғыстау облысы) болды.

 

Дүбірлі доданың қорытындысы мынадай:

Жалпы командалық есеп бойынша:

1 орынға - Маңғыстау облысының командасы 12 алтын медальмен табан тіреді.

2 орынға - Қызылорда облысының командасы 5 алтын медальмен тұрақтады.

3 орынды - Атырау облысының командасы 4 алтын медальмен иеленді.

 

 

-Жас балуандарымыз үмітімізді ақтап, жүлделі орынды жеңіп алғаны қуантады. Бұл, әрине, жаттықтырушылар мен спортшылардың жемісті еңбегінің нәтижесі. Жарыс жақсы дәрежеде өтті деген баға алды мамандар тарапынан.

 

Турнирдің тұрақты демеушісі Нұрпейіс Сәрсенбай Мизамбайұлын марапатымен шын жүректен бүкіл дзюдошыларымыздың атынан құттықтаймыз! – дейді жарыстың ұйымдастырушысы «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебініңдиректоры Манарбек Бисекенов.

 

Біз де өз тарапымыздан жеңіске жеткен маңғыстаулық жас балуандарды және олардың барлық жаттықтырушы, бапкерлерін, ата-аналарын алтын алқаларымен, жеңімпаз атануларымен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз!!!

 

Суреттерді ұсынған «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему