Өзіңді сақта
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 00:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өзіңді сақта

19 Апреля 2016 (10:46) | 2480 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінгі таңда қоғамда өзіне-өзі қол жұмсау сияқты келеңсіз жайттардың, қайғылы оқиғалардың жиі орын алуы туралы көбірек еститін болдық. Қоғамды толғандырып отырған осы өзекті мәселеге арналған шара жақында Маңғыстау облысы ТЖД қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-де («ӨС және АҚЖҚ» ММ) ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша мекеме қызметкерлері арасында «Өзіңді сақта» деп аталған шара өтті.

 

Кездесуге Облыстық психоневрологиялық диспансердің ерлер бөлімшесінің меңгерушісі, психиатр-дәрігер Әлімов Нұрақын Мұқанұлы арнайы шақырылды. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті мен оның алдын алу туралы әңгімелеген психиатр-дәрігер: «Өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу қиын, алайда ол орындауға болатын, кешенді әрекеттерден тұрады және бұл әрекеттердің орындалуы қоғамның әртүрлі құрылымдарының бірлесіп тиімді іс-қимыл жасауына байланысты, - деп атап өтті.

 

Нұрақын Мұқанұлы өз баяндамасында: «Адамдар жиі 15 жас пен 44 жас аралығында өзіне-өзі қол жұмсауға барады, алайда мамандарды соңғы 45 жыл ішінде бүкіл әлемде өзіне-өзі қол жұмсаушылар санының 60 пайызға артқаны және жылдар өте келе өзіне-өзі қол жұмсаушылар санының көбею мүмкіндігі алаңдататындығын» айтып өтті.

 

«Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бір жыл ағымында әлемде миллионға жуық адам өзіне-өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы қазақстандықтар екен. Егер бүкіл әлемде әрбір 40 секундта бір өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті жасалса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады» деген қорқынышты статистикалық мәліметтер келтірілді.

 

 

Психолог мамандар егер ер адам нақты өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдаса, негізінде олар істі аяғына дейін апарады деп есептейді. Әйел адамдар көптеген жағдайларда өздерін өлтіруге бармайды, тек қана өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін бопсалау үшін немесе өзіне көңіл аударту мақсатында жасайды. Сондықтан да, статистика бойынша ер адамның өзіне-өзі қол жұмсауының бір жағдайына әйел адамдардың өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің 5 жағдайы шақ келеді.

 

- Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері әртүрлі болып келеді. Алайда қазіргі кезде Қазақстанда адамдар арасында саяси және экономикалық жағдайларға байланысты өздерін-өздері өлтіруге баратын жағдайлар кең таралуда.

Өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайларын білу мұндай жағдайды түсінуге және алдын алуға көмектесуі мүмкін, - шарада дәл осындай пайымдауларымен Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» психологы, азаматтық қорғау капитаны Дариға Жолдыбайқызы Жолдыбаева қызметкерлермен бөлісті.

 

«ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобы маманының мәлімдеуінше, «Адамдардың өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне баруының негізгі мақсаттарын ашатын психологиялық шаралар өткізу алдын алу жұмыстарының тиімді бір формасы болып табылады. Мұндай шаралар тек қана алдын алу бағытында емес, сондай-ақ қызметкерлерге өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін жасауға бағытталған адамдарды байқаған жағдайда жәрдемдесу үшін орындалатын әрекеттерді үйрету мақсатында да өткізіледі».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему