Маңғыстауда ерікті донорлар саны азайған
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда ерікті донорлар саны азайған

4 Февраля 2020 (13:11) | 1961 | Автор: Редакция

Өткен жылы облыстық қан орталығының көшпелі бригадасы «Донор бол. Өмір сыйла», «Донор күні», «Әрбір донор - батыр» және тағы осыған ұқсас тақырыптарда донор күніне арналған шаралар өткізген. 2019 жылы облыстық қан орталығына қан тапсыруға ниет білдірген саны 8649 адамды құраған.

 

 

Айта кету керек, қан орталығы заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медициналық мұздатқыш камералары, фармацевтикалық тоңазытқыштар, зертханалық жабдық, кептіргіш шкаф, термостат, бу стерилизаторы, зертхана жиһазы, таңу үстелдері және т.б. «Инфо-донор» атты компьютерлік бағдарлама жұмыс жасап тұр.

 

Маңғыстау облысы қан орталығы қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Гүлнафис Кунашева қан тапсырып тұру адам ағзасына пайдалы екенін айтады. Әсіресе, қан-тамырлар ауруына шалдықпауға септігін тигізеді және қан қысымын төмендетедін көрінеді. Жалпы қан орталығына үнемі донор қажет екендігін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Бұл ретте мамандар әрбір азаматты қан тапсырып тұруға шақырады.

 

-Дәрігерлер әрбір донор туралы толық ақпарат білуі тиіс. Қан тапсырып тұру – адам ағзасына пайдалы. Сондықтан да, қан бер де - жан бітір деген бастаманы құптайтындар көп болса деген тілегіміз бар. Бүгінде облыс бойынша қан қоры жеткілікті. Барлық мекемелерді қажетті қанмен қамтамасыз етіп отырмыз. Өңірдегі жалғыз қан орталығы емдеу-сауықтыру мекемелерінің сұраныстарын толық қамтып үлгерудеміз. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ерікті донорлар саны азайып кетті, - дейді ол.

 

 

Донорлық қан тапсыру процедурасы арқылы адам ақысыз түрде зертханалық талдау жасайтын мүмкіндік бар. АИТВ, мерез, гепатиттің түрлері, гемоглобин көрсеткішін, эритроцит, лейкоцит және де қан тобы мен резус тәуелділікті анықтап алуға болады.

 

Донорлық арқылы жүрек пен қан тарату тамырлары, иммундық және тамақ қорыту жүйелері, ұйқы безі және тағы да басқа ағзалары тиімді жоғары жұмыс жасайды, денсаулығын жақсартады. Сонымен қатар қан жоғалту иммунитетті түсірмейді, керісінше жаттықтырады, зат алмасуын күшейтеді және де ағзаның жұмысын жақсартады.

 

Мәселен Ақтау қаласының тұрғыны Мақсат Бекмұратов осымен үшінші рет қан тапсырып отыр. Оның айтуынша, қан тапсыру оның денсаулығына пайдалы екенін сезінген. Донорлық ағзаның қан-айналымын реттеп, иммундық жүйені нығайтатыны туралы дәрігерлерден сұрап білген. Осылайша, ол өзінің тек қана төтенше жағдайларда ғана емес, дертке шалдыққан адамдарға қан тапсыру арқылы олардың өмірін құтқаруға пайдасының тигенін қалайды және донорлық қан тапсыру – азаматтық парызым деп біледі.

 

 

-Мен 1996 жылы дүниеге келгенмін. Ақтау қаласының тұрғынымын. Шаһардағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірінде жұмыс жасаймын. Осымен үшінші рет келіп, қан тапсырып отырмын. Анам дәрігер, ал әпкем терапевт болып жұмыс жасайды. Олардың айуынша, егер адам жиі қан тапсырып тұрса қан қысымы жоғарыламайды және көптеген аурудың алдын алуға көмектеседі. Мен тапсырған қан біреуге пайдасы тиеді деп үміттенемін. Алдағы уақытта тағы да қан тапсырып тұратыныма сенімдімін», - дейді ол.

 

Осы ақпаратты жолдаған Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Қан тапсыруға ниет білдіргендер болса, Ақтау қаласы 34а ш/а «Облыстық қан орталығына» жолығуға болады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему