Өзгенің қайғысына ортақтасып...
20 Ноября 2015 (16:16) | 2359 | Автор: Нурганым Имашева
Басына қайғы орнаған адамға жанашырлық сезімін білдіру және қол ұшын созу - Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» жеке құрамына тән адамгершілік қасиеттердің бірі.
Отпен күресушілер бөтен адамның қайғысы болмайды деп есептеп, қашан да әлеуметтік мекемелерге, қымбат тұратын ем-домдарға зәру жеке тұлғаларға, балаларға, отбасыларға ұдайы ақшалай көмек көрсетіп отырады.
Соңғы екі жыл ішінде құтқарушылар осындай мақсаттарға 600 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат жинады. Бұл туралы ақпаратпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, «Бүгінде құтқарушылар Ақтау қаласы №8 Өрт сөндіру бөлімшесінің қарауыл басшысы өртке қарсы қызмет капитаны Старцев Геннадийдің баласына қолдан келгенше материалдық көмек көрсетті. Геннадийдің баласы «ауыр бас сүйек-ми зақымы» диагнозымен облыстық балалар ауруханасының травмотология бөлімшесіне түскен болатын».
- Мұнымен біз әрбір көмек көрсетіп отырған жанға тек қана материалдық көмек емес, сонымен бірге оны өз проблемасымен, қайғысымен жалғыз қалдырмай, рухани көмек көрсетіп, оның қайғысына ортақ жандардың шынайы көңілін сезіндіруді мақсат етудеміз,-дейді ақтаулық құтқарушылар қауымы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему