Былтыр Жаңаөзенде 4565 жаңа жұмыс орны ашылды
14 Марта 2022 (13:29) | 2045 | Автор: Редакция
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров хабарлады.
Спикердің айтуынша, 2021 жылы жұмыссыздар саны 1 812 адамды құрады (жастар - 750 адам, яғни 42%-ы). Ашылған 4565 жұмыс орнының ішінде: өнеркәсіп - 342, құрылыс - 49, көлік және қоймалау - 64, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдерді жөндеу - 79, білім саласы - 2, денсаулық сақтау - 48 және т.б жұмыс орындары экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне жатады.
-Тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен келісілген аутстаффингке сәйкес барлығы - 1 708 жұмыссыз жұмыспен қамтылды. Оның ішінде: «ӨзенМұнайГаз» акционерлік қоғамына - 435 адам, аутстаффингке - 460 адам; «ӨзенИнвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына - 813 адам және 2021 жылдың наурыз айынан бастап «Жұмыс жасаймын» жобасы іске асырылып келеді. Осы кезеңге дейін барлығы 294 адам жұмыспен қамтылды,-деді Мақсат Ибағаров.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему