Маңғыстаулық жас суретшілер Халықаралық байқауда  жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас суретшілер Халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

16 Октября 2015 (11:04) | 5040 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау өнер колледжінің студенттері-жас суретшілер Алматы қаласында өткен "Art Самғау-2015" Халықаралық жас суретшілердің фестиваль-пленар конкурсына қатысып, олжалы оралды.

 

Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жоғарғы деңгейдегі аталмыш халықаралық дода елімізде осымен үшінші рет өткізіліп отыр.

 

Қытай, Болгария, Әзірбайжан, Өзбекстан және тағы да басқа әртүрлі елдерден 80-нен аса жас қылқалам шебері бақтарын сынаған бұл байқау тек қана колледж студенттеріне арналған.

 

Өнер колледжінде өткен жеңімпаздарға құрмет көрсету шарасында оқу орнының директоры Аманбек Махуұлы Сүндетов жүлдемен оралған студенттерді жеңісімен құттықтап, келешекте де осындай жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілек білдірді. Жеңімпаз студенттердің ұстаздарына алғыс айтты.

 

Халықаралық бәсекеде өз өнерін барынша көрсетуге тырысып, шеберлігін таныта білген шығармашыл жас Социял Расул, ( ұстазы Манап Қосан) «Пейзаж» номинациясы бойынша жүлделі І орынды жеңіп алып, топ жарса, жас суретші Өтемағанбетов Жансерік (ұстазы Балтабаев Тынышбек) «Үй тапсырмасы» аталымында ІІІ орынды иеленді.

 

 Ал тағы бір жас қылқалам шебері Төребай Дамир (ұстазы Балтабаев Тынышбек) Халықаралық байқаудың Дипломанты атанды.

 

Сөйтіп, түрлі елден келген суретшілер арасында шеберліктерімен көзге түскен жас өрендер ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, Маңғыстау өлкесінің атын шығарып, абыройын асқақтатты.

 

Жас суретшілерді байқауға алып барған жетекшілері, Маңғыстау өнер колледжінің сурет-кескіндеу пәндерінің оқытушысы, кескіндеу пәндері Бірлестігінің жетекшісі Манап Қосанов:

-Байқаудың басты шарты-табиғат аясына шығып, табиғатты бейнелеу болды. Бұл жерде Маңғыстауға қарағанда көк желегі мол Алматының табиғатын шәкірттеріміз қалай бейнелер екен деген қобалжудың болғаны рас, алайда біздің балалар шеберліктерін танытып, төрешілердің мақтауына ие болды.

Конкурстың әділқазылар алқасының құрамында Қазақстан Суретшілері Одағының Төрағасы Байтұрсын Омарбеков, Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының профессоры, Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Жұмақын Қайранбаев және т.б. елімізге танымал тұлғалар қазылық жасады. Осындай атақты адамдардың жақсы бағасын алды біздің студенттеріміз. Оның өзі біз үшін үлкен құрмет.

2011 жылы алғаш рет ұйымдастырылған кезінде осы байқауда біздің колледждің студенттері екі номинация бойынша ІІ орын мен екі Дипломант атағын жеңіп алып, табысты өнер көрсеткен болатын. Ол кезде де байқауға түрлі елдерден 90-ға жуық жас суретші қатысқан еді.

Осы жолы да шәкірттеріміз үмітімізді ақтады. Байқауға қатысуымызға колледжіміздің директоры қолдау танытты. Басшымыз жаңа ғана атап өткендей, суретшілердің арасында Халықаралық байқаулар өте сирек өткізіледі.

Тыңғылықты дайындалғанымыздың арқасында, шәкірттеріміз жеңіске жетіп, бізді осындай қуанышқа бөлеп отыр. Алда әлі алар асуымыз жетерлік,-десе, байқаудың жеңімпазы атанған жас суретші Социял Расул:

 -Әрине, бұл сайыс бұрынғы байқаулардан күрделілеу болды. Сайыс талабы бойынша «Үй тапсырмасы»-натюрморт, пейзаж салып апару керек болса, байқау кезінде табиғат аясына шығып, сурет салдық. Қазылар алқасының мақтауына ие болғанымыз қуантты. Олар біздің өнерімізді жоғары бағалады.

Келешекте шығармашылығымды дамытып, тек Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның атын әлемге танытсам деген мақсатым бар,-деп жас талант өзінің болашақтағы жоспарымен бөлісті.

 

Өнерлі жас өрендер мен олардың ұстаздарын, ата-аналарын Халықаралық сайыстағы үлкен жеңістерімен құттықтап, шығармашылықтың биік шыңдарынан көріне берулеріне тілек қосамыз.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему