Аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты
26 Сентября 2019 (12:53) | 1864 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді.
Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау тегін жүргізіледі. Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы вакциналар сатып алынады.
-Облыста өткен 2018 жылы 20088 бала тірі туылып, оның 19147 (95,3%) баласына БЦЖ екпесі перзентханаларда жүргізілді. Ал 2019 жылдың 8 айында 13421 бала тірі туылып, 12655 балаға БЦЖ екпесі жүргізілді (93,6%).
Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
2019 жылдың соңғы 8 айының қорытындысы бойынша аса қауіпті және басқа да карантиндік инфекциялар тіркелмеген. Соңғы 10 жылда туберкулез ауруының көрсеткіші облыс деңгейінде бүгінгі күнмен салыстырғанда 75,4% (381 жағдайға), оның ішінде жасөспірімдер арасында 78,4% (46 жағдайға), балалар арасында 89,0% (44 жағдайға) төмендеп отыр.
Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды. Бірақ, «Japan BCG Laboratory» (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау қазіргі уақытта уақытша тоқтатылды,- деп мәлімдеді басқармасы басшысының орынбасары.
Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему