Маңғыстаудың туристік орындарының рекреациялық әлеуетін қалпына келтіру жобасы басталды
11 Марта 2019 (09:08) | 6626 | Автор: Нурганым Имашева
«Эко Маңғыстау» Үкіметтік емес ұйымы «Теңізшевроил» компаниясының қолдауымен Маңғыстау облысының туристік орындарының рекреациялық әлеуетін қалпына келтіру жөніндегі әлеуметтік маңызы зор экологиялық жобаны жүзеге асыруға кірісті.
Аймақ туризмді дамытуға қолайлы өлке ретінде өзін танытып отыр. Бұл бағытта ақпараттық материалдар дайындалып, халықаралық конференциялар мен көрмелер ұйымдастырылуда, арнайы мақұлдаудан өтіп, жасақталған ондаған туристік маршруттар бар.
Алайда, осы күнге дейін Маңғыстау облысының туристік маршруттар санатына қосылған, міндетті түрде баруға ұсынылатын маңызды рекреациялық аймақтарда тазалық сақтау жүйесі ұйымдастырылмаған. Көктемгі-жазғы мегілден соң, туристік нысандар күрделі антропогендік ықпалдың әсеріне ұшырайды. Демалыс орындарының аумағы түрлі тұрмыстық қалдықтарға толып кетеді.
«Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы 8 жылдан бері «Саура» шатқалы, «Самал» бұлағы, «Тамшалы», «Көгілдір қойнау», «Ақмыш сай», «43 км», «Жығылган» мүйісі, Шерқала тауы сынды рекреациялық орындарының санитарлық жағдайын ұстап тұруға ұмтылып келеді. «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ еріктілердің басын қосып, оларды жұмылдыру арқылы аталған орындарға тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың белгілі бір жүйесі болмағандықтан, аумақтар қайтадан қоқысқа толып қалады.
- Қызметке кіріскеннен бергі 8 жылда осындай жүйені іске қосу туралы бірнеше рет ұсыныс жасадық. Алайда табиғи орындар аудандар аумағында орналасқанмен, аталғанмақсаттарға бюджеттен бөлінетін қаржы болмай қалмайды.
Біз қалдықтардың кей түрлерін өңдеумен айналысатын кіші бизнес өкілдері тарапынан осы бағытта бірге жұмыс жасауға деген қызығушылық оянады деп үміттенеміз. Әсіресе жеке кәсіпорындардың қызығушылығы болады деп ойлаймыз. Осындай ынтымақтастық демалыс орындарынан қалдықтарды жинау мен шығару мәселесін шешу мүмкіндігіне ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, біз демалыс маусымы кезінде аудандардың коммуналдық қызметтері де қалдықтарды жинап, шығару бағытында жұмыстанады деп үміттенеміз”, - деп атап өтті «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның директоры Кирилл Осин.
Суреттер 2gis.kz. travel.kz, travellbook.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему