Ұлттық ұлан ардагерлері сый-құрметке бөленді
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 08:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ұлттық ұлан ардагерлері сый-құрметке бөленді

1 Октября 2015 (16:12) | 1603 | Автор: Мира Ботабекова

 

Өсетін елдің өнегелі ұрпағы қариясын құрметтейді. Бүгін 1-қазан Бүкіләлемдік қарттар күні Маңғыстаудағы Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары сала ардагерлерін сый-құрметке бөледі. Ел тыныштығын күзетуге қомақты үлес қосқан ел ағаларының шаңырағында болып, мерекелік сыйлықтарын тарту етті. Дастархан басында бас қосып, қариялардың келелі әңгімелерін тыңдады.

 

 

Аймақтағы ұлттық ұланның барлық 55 ардагері назардан тыс қалған жоқ. Кеңес Құспанұлы ішкі әскерге сарбаз болып келіп, полковник шеніне дейін көтерілген. 34 жыл бойы қоғам қауіпсіздігі үшін тер төккен полковник бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. «Мемлекет тарапынан ұдайы қамқорлық пен қолдауды сезініп отырған қазақ қарттары бақытты»,-дейді ардагер.

 

 

Кеңес Байсмақов, ұлттық ұланның ардагері:

-Жадайымыз өте жақсы, уақытында зейнетақымызды алып отырмыз. Үкімет бізге жақсы қарап, жылма-жыл санаторияларға жолдама беріп отыр емделуге. Жас ұрпақ та бізді ешқашан ұмытқан емес. Мереке сайын құттықтап, әскери бөлімдегі шараларға қонақ қылып шақырып тұрады. Біз де ақылымызды айтудан жалықпаймыз.  Жас сарбаздарға бұрын қалай қызмет еттік, соны айтамыз. Отанына, еліне адал қызмет етуді насиахттаймыз.

 

 

Дулат Иманов, 66/56 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары:

-Қарттарымыз біздің әрине қазынамыз. Ұлттық ұланда ардагерлермен көп жұмыс жүргізіледі. Ол кісілермен қарым-қатынасымыз өте мол. Біз сол кісілердің тәжірибелерін, білімдерін, патриоттық рухтарын әрдайым қолданамыз. Бүгін ғана емес, ардагерлеріміз әрдайым біздің назарымызда. Сол кісілерден алған тәрбиенің күшімен еліміздің, халқымыздың тыныштығын күзетуге дайынбыз.

 

 

Жалпы, Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 1990 жылығы 14 желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге қаулы етті.

 

Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.

 

 Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.

 

 Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.

 

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады», - дейді БҰҰ. Қазыналы қарияларымыз аман болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему