Маңғыстауда күн электр станциясы салынады
3 Июля 2017 (12:35) | 2611 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысында тұңғыш рет күн электр станциясы салынатын болды. Жобаны Қазақстан, Франция және Қытай елі бірлесе жүзеге асырады. Технологиясына француздар, ал, құрылыс пен оған қажетті қаржыға қытай компаниясы жауапты.
Осыған орай Маңғыстау облысының әкімдігі мен Қытай компаниясы арасында жобаны жүзеге асыру бойынша келісім жасалып, меморандумға қол қойылды.
Қуаты 12 мВт болатын станцияның құрылысы алдағы айларда Шетпе ауылында басталмақ. Жобаның құны 20 млн доллар. Станцияны салу үшін Шетпе ауылының шетінен 35 гектар жер бөлінді. «Станцияның құрылысына отандық материалдарды қолданамыз»,-дейді жобаны жүзеге асырушылар. Құрылысқа сексенге жуық жергілікті тұрғын тартылады. Станция іске қосылған соң 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ең бастысы Маңғыстау ауданындағы электр қуаты тапшылығы түбегейлі жойылады.
Фу Хонгвей, Қытай компаниясының президенті:
-Маңғыстауда күн қуаты жеткілікті. Қысы жылы, жыл бойы күн шығып тұрады. Сондықтан да бұл өңірде баламалы қуат көзін дамытуғ өте ыңғайлы. Маңғыстаудың сондай-ақ индустриалды даму қарқыны жоғары. Болашағы зор аймақ. Біз сондықтан да пилотты жобаны жүзеге асыру үшін осы өңірді таңдадық.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему