Ақтаулық ата-аналарға екпенің маңызы жайлы түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 25/02/2020
 
374.96
378.42
 
405.55
409.75
 
5.8
5.94
Номер редакции: 8 (7292) 53 34 53
Номер журналиста: 8 707 900 67 10
Рекламный отдел: 8 707 040 14 81
site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
25 Февраля, 11:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық ата-аналарға екпенің маңызы жайлы түсіндірілді

22 Апреля 2015 (10:54) | 1554 | Автор: Редакция

 

№2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесінде 2015 жылғы 20-30 сәуір аралығында Еуропа апталығының иммундау онкүндігін өткізу жұмыстары шеңберінде ата-аналарға балаларға жоспарлы екпені жасатудың маңызын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Шараға Маңғыстау облысының Бас педиатры Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярова, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасова, Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешітінің найб-имамы Асқар Ахлиддин, №2 Ақтау қалалық емханасы директорының балалар жөніндегі орынбасары Жанна Көпенқызы Шаңытбаева және аталмыш емхананың бірнеше бөлім басшылары мен Ақтау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Құралай Жанаева, сонымен қатар ата-аналар қатысты.

 

Басқосудың мақсаты туралы жиналғандарды хабардар еткен №2 Ақтау қалалық емханасы директорының балалар жөніндегі орынбасары Жанна Көпенқызы аталмыш шараның жыл сайын өткізілетініне тоқталып, «бұл иммундау апталығы тек бір апта ішінде өте шығатын науқан емес. ол біздің-күнделікті жұмысымыз. Бүгінгі таңда екпелер туралы ұялы телефондарға келіп түсіп жатқан алып-қашпа әңігімелер-негізсіз. Оларды таратушылар сіздердің балаларыңыздың денсаулығын ойлап отырған жоқ. Сондықтан ата-аналар, сіздерге екпені уақытылы жасатудың бала денсаулығы үшін, түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алудағы оның маңызы жайлы түсіндіру-біздің мақсатымыз»,-деді.

 

Сөз кезегі келгенде Маңғыстау облысының Бас педиатры Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярова жиналғандарға бала денсаулығы үшін екпеден бас тартпау-әрбір ата-ананың міндеті, жауапкершілігі туралы әңгімелеп, 5 жасқа дейін баланы қалай дұрыс тәрбиелеу жөніндегі ақпараттық кітапшаны ұсынды. Бұрын осыдан 20 жылдай бұрын балалардың сырқаттарының тез таралуы болып, ауруханаларда орын болмауына байланысты кездескен қиындықтарға тоқталды.

 

Шараға арнайы шақырылған Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешітінің найб-имамы Асқар Ахлиддин да ата-аналарға бала денсаулығының жақсы болуы үшін ең алдымен ата-анасы жауапты екенін ескерте отырып, себепсіз екпеден бас тартудың салдары, балаларды емшіге қаратып, нәтижесінде, сырқаттың ұлғайып кетуіне әкеліп соғатынын айтып түсіндірді.

 

Ата-аналар шараға қатысушы мамандарға жұқпалы ауруларға қарсы екпелер туралы өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.

 

Ақтау қаласының тұрғыны Досқарина Әйгерім Тұңғышбекқызы:

-Өз басым әрбір екпені уақытылы сәбиіме жасатып тұрамын, дәрігердің қабылдауына да уақытымен барамыз. Себебі бала уақытында тиесілі екпені алып тұрса, иммунитеті жақсы болады, көп ауырмайды. Қызыма 3 айынан бастап түрлі екпесін жасатып келе жатырмыз. Ешбір жоғары температура, ауырсыну деген болған емес. Екпені жақсы қабылдайды,-деді.

 

Маңғыстау облысының Бас педиатры Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярованың мәлімдеуінше: «Қандай да екпе болмасын, барлығы да дені сау ағзаға салынады. Балалар да ересектер де алдымен дәрігерге көрініп,  дәрігер екпеге рұқсат етеді. Екпе алу процессіне тиісті мамандар жылда арнайы дайындықтан өтіп, аттестация тапсырады. Тапсыра алмаған мамандар уақытша жұмыстан босатылады. Балаға екпе салынғаннан кейін 25-30 минут сол мекемеде бақылауда болады, Соңынан 3-7 күн аралығында мейірбикелер үйлеріне барып екпеден кейінгі жағдайды бақылайды. 

 

 

Өткен жылдан бері бүкіл Европа, Рессей сонымен қатар Қазақстанда да жұқпалы ауруладырдың ішінде қызылша ауруы тіркеліп келеді. Көршілес Қызрғызстанда күніне 2000 (екі мың)-ға жуық ауру тіркеліп отыр. Біздің өңірімізде бүгінгі таңда дәлелді түрде 200-ге жуық қызылша ауруымен ауырғандар анықталды. Олардың 75-80% ересектер арасынан. Жұқпалы аурумен ауырған науқас, әрине, сырқатын қасындағы егілмеген балаларға да жұқтырып, ауыр түрде асқынулармен өтеді».   

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему