Елбасы Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрылымының дамуымен танысты
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 16:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Елбасы Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрылымының дамуымен танысты

4 Апреля 2017 (18:06) | 1890 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында орналасқан Ақтау теңіз солтүстік терминалында болды.

            Каспий теңізіндегі көлік-логистика саласының дамуы мен бағытттары туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ президенті Қанат Алпысбаев баяндады.

            Екі жыл бұрын Елбасы Ақтау теңіз солтүстік терминалының іске қосылуына бастау берген болатын. «Ақтау теңіз порты» Арнайы экономикалық аймағының 39,4 гектар алаңында біруақытта 5000-ға дейін контейнер (TEU) мен 170000 тоннаға дейін негізгі жүкті сақтауға болады. Заманауи көп мақсатты терминалдың өндірістік қуаты жылына3 млн. тоннаға дейін негізгі жүкті, оның ішінде, 1,5 млн.тоннаға дейін  дәнді дақылды ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Жоба құны – 37,5 млрд.теңгені құрайды. Қазіргі уақытта терминал астық, металл, контейнерлер мен негізгі жүктерді қабылдап жібереді, вагондарға жүкті тиеп, оларды түсіреді, кемелерге кешенді қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда кәсіпорында Маңғыстау облысының 190 тұрғыны қызмет етеді.

            Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен кездесті.

            - Еңбек нарығындағы тұрақсыздықты жою және аймақ тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен жасалған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында, терминал үшін 27 адам оқытылды. Олардың көбісі біз үшін қажетті мамандар – механизатор-док жұмысшылары мен тальмандар. Олар Санк-Петербург қаласының жанындағы теңіз портында оқытылды, - деді «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС бас директоры Асқар Қарабасов. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему