Ауыр көлік тізгіндеген әже
10 Марта 2017 (17:29) | 1928 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында көлігі көптің қажетіне жараған әжей тұрады тұрады. Жетпіске жақындаған қария аудандағы теміржол қоймасынан Ақтауға жүк тасымалдайды. Әйелге тән емес кәсібін дамытып, халық құрметіне бөленіп келеді. Бұл туралы «Хабар24» арансы хабарлайды.
Ауыр көлік тізгінін еркін басқаратын Несіпхан әжей қызметіне тиянақты. Қажетінше тәулік бойы жұмысқа шығуға әзір. Жолда бұзылып тұрған көлік жанынан өтіп кету – кейуанаға жат қылық. Жүргізушілерге үнемі қолұшын беріп, ақылын айтып жүреді. Кабинадан кимешектегі ананың шыққанын көрген жүргізушілер бастапқыда абдырап, таңқалады екен. Дереу капотты ашқызып, моторға үңілетін қария қылығына еріксіз бас шайқасады. «Сапарға құрал-саймансыз шығатын қасиеттеріңе таңданам»,- дейтін әжей сөзіне мәз-мейрам болысады. Мереке күндері ел қатарлы демалудың орнына кейуана қызметіне шығады. Үйіне ертерек баруға сұранған жастардың орнын басатын мінезі тағы бар. Ұжымында сыйлы қария әрбір мейрам сайын ерекше құрметке бөленіп жүр.
Нұрия Нұрымова, Маңғыстау теміржол бөлімшесі жүк қоймасының меңгерушісі:
- Бұл кісіні біздің жүк бөлімшесінің анасы деп айтуға болады. 2007 жылдан бері бізбен бірге жұмыс жасайды. Халыққа қызмет жасайды. Сапалы жұмыс көрсетіп, еңбек етіп жатыр. Қайраттылығымен, өзінің жауапкершілігімен жүк алып, жүк жіберушілердің алғысына ие болып жүрген адам.
Маңғыстауға теміржолмен жететін тауарлар үлкен қоймада сақталады. Пойыз кешіксе, Несіпхан әжей де жұмыста кідіреді. Тапсырыс берушіге жеткізетін жүгінің саны мен құжатының дұрыстығына көз жеткізіп алып, жолға шығады. Барған жерінде алғыстан кейін міндетті қойылар сұрақтардың болуына үйреніп алған.
Несіпхан Садирова, зейнеткер:
- Ең бірінші жасымды, сосын мынадай ауыр жұмыста қалай жасап жүрсің деп сұрайды. Үйде отырмайсың ба дейді, барлығы да сұрайды. Өзім жүріске үйреніп қалғанмын, үйде отыра алмаймын. Бір жағынан, денсаулық болған соң жүрмін. Жұмысым өзіме қатты ұнайды, берекесін берсін.
Жаңаөзеннен Мұнайлыға қоныс аударған әжей үш ұл мен қыз тәрбиелеп, оларды ел қатарына қосты. Бүгінде бала-шағасынан алты немере сүйіп отырған қария қазыналы 70 жасқа көлік тізгінінде жүріп жетеріне сенімді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему