Аудандық маңыздағы жолдардың жай-күйі тексерілді
14 Апреля 2022 (17:21) | 2882 | Автор: Талгат Адилов
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Маңғыстау филиалының қызметкерлері трассаларда арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен бақылау шараларын жыл басынан бері жалғастырып келеді.
Мамандар қаңтар-наурыз айлары аудандық маңыздағы жолдарға 3 рет шығып, 59 сынама алды. Ақтаудағы зертханада жүргізілген талдаулар барлығының да техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті.
«2022 жылға Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандары бойынша тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен келісімшарт жасалды. Солардың негізінде бақылау шаралары жүріп жатыр. Мұндай құжат облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен де жасақталды. Алдағы уақытта облыстық, қалалық маңыздағы трассаларда бақылау рейдтері жалғасады» - дейді сарапшы Мерей Әлиев.
Өткен жылы Ақтау, Жаңаөзен қаласы, Бейнеуден басқа 4 аудан әкімдігі ұлттық жол сапа орталығымен келісімшартқа отырып, жолдарда бақылау шаралары жасалды. Бұдан бөлек 7 жеке мердігер мекеме өкілдері Маңғыстау филиалына арнайы келіп, әріптестік байланыс орнатқан еді.
Яғни, бұл компаниялар жөндеп немесе салып жатқан трассаларда жол материалдары мен құрылыс сапасы тексеріліп, анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылды.
«ЖАҰСО» баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему