Судағы қауіпсіздік
20 Мая 2021 (16:00) | 1739 | Автор: Редакция
Күннің жылы шуағы мен жағымды салқын судан жақсы әсер алуға болатын шомылу маусымы басталды. Осыған байланысты, Ақтау қаласының ТЖБ күшейтілген кестеде жұмыс істеуге көшті.
Қазіргі таңда Ақтау қаласы бойынша Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 "Маңғыстау облысында ортақ су пайдалану қағидалары туралы" шешіміне сәйкес шомылуға тыйым салынған 2 учаске анықталды.
Олар:
- 4 шағын аудандағы "Каспиан Ривьера" қонақ үйінен ұзындығы 300 метр және ені 20 метр 5 шағын аудандағы Т. Г. Шевченко ескерткішін түсіру бойынша М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін;
- Ұзындығы жағалау аймағы 100 метр және ені 20 метр "Шора" су арнасы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген тиым салынған аумақтарда адамдардың суға түсуі, шомылуы азаяр емес. Нәтижесінде арты қайғымен аяқталған оқиғалар да кездесті.
Ақтау қаласы бойынша 2020 жылы 5 адамға суға кеткен. Оның ішінде 1-і бала, 3 адам шомылуға тиым салынған аймақтарда суға кеткен. Осындай оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері шомылу маусымы басталысымен қала тұрғындарына және қонақтарына профилактикалық үгіт насихат жұмыстарын апта сайын жүргізіп отыр.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері шомылу маусымы басталысымен Ақтау қаласыны қарасты теңіз жағалауларында 15 рет үгіт насихат жұмыстарын өткізіп, 120 жуық жадынамалар, буклет пен брошюралар таратылды. Сондай-ақ ағымдағы жылы Ақтау қаласы 7 шағын ауданына 1 билборд тақтайшасы орнатылды.
Сонымен қатар қаланың су арнасында және теңіз жағалауларында адам өлімінің алдын алу мақсатында полиция департаментімен біріккен кесте бекітіліп, онда суға шомылуға арналмаған орындар аса маңызды бақылауға алынды.
Профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында адамдарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады және түсіндіріледі:
- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;
- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз;
- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;
- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;
- Мас күйде суға шомылуға болмайды;
- Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар;
- Суда тентектікке жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар;
- Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды;
- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;
- Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер;
- Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар;
- Төтенше жағдайға тап болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шала аласыз.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Ордабаева Г.Қ.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему