Түпқарағанда «Балықшылар» ескерткіші бой көтереді
25 Февраля 2021 (11:44) | 2826 | Автор: Редакция
Түпқараған ауданы, Аташ елді мекенінде биыл «Балықшылар» демалыс орны бой көтереді. Бұл туралы Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлім етті.
«Бұл біздің өткен тарихымызда елеулі еңбегі сіңген ардагерлерге деген құрметтің символы болуы тиіс. Өскелең ұрпақтың жадында өткен тарихымыз жаңғырып тұруы үшін аталған демалыс орны мен еңселі ескерткіштің алар орны, атқарар рөлі зор»,- дейді аудан әкімі Айбек Қосуақов.
«Балықшылар» демалыс орнында кіреберіс арка, спорттық шынығу алаңы, балалар алаңы, автотұрақ пен шатырлы орындықтар және еңселі «Балықшылар» ескерткіші орнатылады. Мүсінші: Б.Салаев. Мүсіннің биіктігі - 3,60 метр болса, тұғыр биіктігі 2,20 метрді құрайды. Демалыс орны биыл пайдалануға беріледі.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему