Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары арасында алдын алу шарасын жүргізуде
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 05:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындары арасында алдын алу шарасын жүргізуде

6 Октября 2016 (16:47) | 2753 | Автор: Нурганым Имашева

 

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі №4 өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп 2016 жылдың 15-ші қыркүйегі мен 15-ші қазан аралығында «Тұрғын үй -2016» атты операциясын жүргізуде.

 

«Түпқараған ауданының аумағында өрттердің жиілей түсуіне, әсіресе тұрғын үйлерде жиі кездесіп отырған өрттерге байланысты және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау айлығының жұмыстары басталып кетті», - деп хабарлайды біздің басылымға аудандық ТЖ бөлімінің мамандары.

 

Қазіргі таңда халық арасында тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы үгіт-насихат парақтары, жаднамалары таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

- Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудің мақсаты – халық, жұртшылық арасында өрт қауіпсіздігі ережесінің тұрмыстық, күнде қолданыстағы қарапайым талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, өрттің алдын алу, болдырмау, адам өліміне жол бермеу және тәрбиелік бағыттағы түсіндіру болып табылады.

Түпқараған ауданында 2016 жылдың 8 ай есебі бойынша 10 өрт оқиғасы тіркелді. Тұрғын үй секторында – 4 өрт оқиғасы, автокөліктерде – 3 өрт және басқа әртүрлі нысандарда (ғимараттарда) – 3 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.

Өрттердің негізгі шығу себептеріне келетін болсақ, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзушылықтары, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ержелерін бұзу, баланың отпен ойнауы және жалпы өрт қауіпсіздік ержелерінің бұзушылықтары.

Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен №4 өрт сөндіру бөлімімен бірге ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласындағы тұрғын үйлер арасында қауіпсіздік ережелерін сақтамай газ қондырғылары мен пештерін қолдану барысында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізілуде.

 Бұл рейдтер кезінде «Газ қондырғыларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау», «Үй жылыту пештерін қолдану ережелері» тақырыптарында және қолөнершілердің шығарған пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы, тұрмыс газ баллондарын АГТС (автокөліктерді газбен толтыру станцияларында) газбен толтыруға тыйым салынатыны туралы жергілікті халықпен әңгімелесу, үй-үйлерге кіріп нұсқаулық беру, үйлерді тексеру жұмыстары атқарылып жатыр. Бұл жұмыстар әрі қарай Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарында жүргізіледі.

Халыққа айтатынымыз - сақ болыңдар! Жылыту маусымы басталар алдында үйіңіздің қазандығын, пештерін тексеріңіздер, ақаулықтарды дер кезінде жойыңыздар!

Қарапайым өрт қауіпсіздік ержелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде дереу 101 немесе 22-1-01 телефонына хабарласыңыз! – деп ескертеді Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы азаматтық қорғау майоры Әлжанов Нұрқожа Қожабергенұлы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему