Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған Бірыңғай тақырыптық сағат
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 21:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған Бірыңғай тақырыптық сағат

28 Мая 2018 (09:20) | 1888 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда «Жастар үйінің» алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған Бірыңғай тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Бұл туралы біздің басылымға Департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Тақырыптық сағатқа Ақтау қаласының жалпы білім беру орындары мен гимназиялардың оқытушылары және 150 жуық оқушылары қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың негізгі талаптарын, мемлекеттік қызмет органдарының қалыптасу және даму кезеңдерінің ашып көрсету және академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

 

Шараны облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Қойжанов ашып, бірыңғай сағаттың мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша ақпарат беріп, «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының 2017-2018ж.ж. оқу жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндап өтті.

 

 

Өз кезегінде аумақтық департаменттің басшысы Н.Жанназарова тыңдаушыларға мемлекеттік қызмет органдарының қалыптасуының негізгі кезеңдерімен, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары бойынша, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы және Агенттік бастамасымен қолға алынған сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытындағы жобалар туралы сөз қозғады.

 

Бірыңғай сағат барысында мектеп оқушылары өз пікірлерін ортаға салып, көкейіндегі сұрақтарын аумақтық департамент басшысына тікелей қоюға мүмкіндіктері болды. Оқушылардың арасынан ерекше белсенділік көрсеткен Ақтау қалалық №13 орта мектебінің түлектерін атап өтуге болады. Олар белсенді түрде сұрақ қоюмен қатар заманауи жағдайдағы Қазақстанның болашағына қатысты өз көзқарастарын білдірді.

 

Іс-шара Агенттік қызметінің негізгі басымдықтары, мемлекеттік қызметке кіру және қызметтерді электрондық форматта алу бойынша бейнероликтерді көрсетумен аяқталды.

 

 

Еске сала кету қажет, мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған Бірыңғай тақырыптық сағат қала және аудандардағы барлық жоғары, кәсіптік-техникалық және орта оқу орындарында ұйымдастырылып, жалпы саны 25 мыңға жуық адамды қамтыды.

 

Суреттерді ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему