Түпқараған ауданында 200 газ дабылқаққыш датчик орнатылып жатыр
5 Февраля 2021 (15:49) | 1461 | Автор: Редакция
Жылыту маусымы кезінде тұрғын үйлерде газдан улану оқиғасын болдырмау мақсатында Түпқараған ауданы әкімдігі жергілікті бюджеттен 1 млн. 300 мың теңге бөлді. Бұл қаражатқа 200 дана газ дабылқаққыш датчик сатып алынды. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«КазТрансГазАймақ» АҚ-ның мамандары, аудандық әкімдік пен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан бойынша әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне (аз қамтылған, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедек адамдары бар отбасылар) газ дабылқаққыш датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті мамандар аталған жұмысты 14 қаңтар күні Ақшұқыр ауылынан бастады. Әрі қарай Түпқараған ауданының барлық елді-мекеніне жүргізеді.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему