Маңғыстаудағы дүкендерге тұрақтандыру қорынан қант жеткізіле бастады
5 Июля 2022 (18:39) | 1867 | Автор: Редакция
Өңірдегі «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорынан өткен маусым айында 70 кәсіпкер қант алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы «Каспий» ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
132 тонна қант өңірдегі шағын кәсіпкерлерден бөлек, «Дина», «Анвар», «Идеал Маркет» секілді ірі сауда желілеріне сатылды. «Каспий» ӘКК-нің тұрақтандыру қорына тәтті түйіршіктер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК АҚ тасымалданып келді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлі корпорация қантты Жамбыл облысынан да жеткізе бастады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында 195 тонна шекер бар.
-Біз осыған дейін қантты Астраханьнан тасымалдайтын кәсіпкерден сатып алып отырдық. Соңғы шектеулерге байланысты олар жұмысын тоқтатты. Қазір «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолжетімді бағада ала бастадық. Осы қоймадан қант алуға үшінші рет келіп тұрмын. Қазір 2 тонна қант алып бара жатырмын. Бұл бізге 1 айға жетеді деп жобалап отырмыз, - деді кәсіпкер Мейірбек Мекеев.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тұрақтандыру қорында қант мөлшері жеткілікті. Қордағы қант қала мен аудандардағы кәсіпкерлік бөлімінің сұраныс хатына сай жеке кәсіпкерлерге сатылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему