Маңғыстаулық таэквондошылар Кипрде өтетін Еуразия чемпионатына аттанды
26 Октября 2022 (16:52) | 1298 | Автор: Редакция
Таэквондодан жаттықтырушы Бүркіт Исакұлының шәкірттері Кипр Республикасының Гирне қаласында өтетін ашық Еуразия чемпионатында ел намысын қорғайды. Байрақты бәсекеде кем дегенде әлемнің 10 елінің өкілдері қатысатынын растады.
Айта кетейік, жуырда ғана жаңадан Taekwondo GTF тұжырымы бойынша «Қазақстан Ұлттық Федерациясы» құрылған болатын. Қара белбеу ІІ дан иегері Бүркіт Исакұлы аталмыш федерацияның Маңғыстау облыстық филиалының президенті болып бекітілді.
Оның шәкірттері Қазақстан ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді, атап айтқанда 28-29 қазанда Еуразия чемпионатында ел намысын қорғайды. Ал, чемпионат болса жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өтеді. Ұлттық құрама сапында 25 таэквондошы бар, олар Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Ақтау қаласынан. 25 таэквондоныі 7-і Маңғыстау облысынан аттанды.
"Жаңадан құрылған Taekwondo GTF ұлттық федерациясы өз жұмысын өткен айда ресми түрде бастады. Еуразия чемпионатына шақырту алу біз үшін жақсы мүмкіндік. Бұған дейін оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Меніңше біздің командада жеңіске жету үшін жауынгерлік рух бар. Алтын медальдар болатынына сенімдімін, бар күш-жігерімізді аямай тер төгуге дайынбыз, жеңіске жету жолында аянып қалмаймыз», - деді облыстық Taekwondo GTF ұлттық федерациясының президенті, қара белбеу II дан иегері Бүркіт Исакұлы.
Айта кетейік, Маңғыстау облыстық Taekwondo GTF федерациясының президенті Бүркіт Исакұлы да осы чемпионатта ересектер арасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ қара белбеу ІІІ данға емтихан тапсырмақ. Ендеше жерлестерімізге Еуразия чемпионатында сәттілік пен жеңіс тілейміз.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему