Авариялық құтқару қызметі туралы не білеміз?
29 Марта 2017 (17:08) | 3208 | Автор: Мира Ботабекова
Жыл басы - әз Наурызды асқан ауызбіршілікпен, зор жетістіктермен қарсы алып отырған кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалы 2016 жылғы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Ұжым мүшелері мекеменің мәжіліс залында бас қосып, филиал директоры Байшылық Сарман өткен жылғы қызмет бойынша есеп берді. Жеткен жетістіктерді паш етіп, өзекті мәселелерді ортаға салды.
2016 жылы да Маңғыстау филиалының қызметі аймақтағы мұнай-газ секторында жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік қауіпті нысандарында атқыламаға қарсы және газдан құтқаруды қадағалау бойынша міндеттерді орындауға бағытталды. Былтыр осы салада қызмет етіп жатқан 75 компанияға шарттық негізде атқыламаға қарсы және газдан құтқаруды қадағалау бойынша уақытылы қызмет көрсетілген. Олардың 32-і жер қойнауын пайдаланушылар, 43-і сервистік кәсіпорындар.
Филиал директоры Байшылық Төребайұлының айтуынша, өткен жылы алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. 26876 нысанға зерттеу жүргізіліп, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жер қойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсету Ережелері» №512 бұйрығымен бекітілді. Өнеркәсіптік пайдаланудағы ұңғымаларды және газдан құтқару бойынша нысандарды зерттеу мерзімділігі тоқсанына бір жоспарлы зерттеуге дейін, ал, консервациядағы ұңғымаларды жылына бір зерттеуге дейін өзгертілген болатын. Соған сәйкес, 2016 жылғы зерттеулердің саны 2015 жылмен салыстырғанда төмендеді. Дегенмен, жаңа Ереженің 3 және 5 тармақтарына сәйкес, бір зерттеуге талап етілетін уақыт белгіленіп, зерттеліп жатқан нысандардың қатары азайғанымен, зерттеу актілерінің саны көбейген.
* 2016 жылы атқыламаға қарсы қадағалау ережелері мен нормаларын бұзған 16624 дерек анықталып, оның 10884-і жойылды. Сондай-ақ, 3116/32 бақылау оқу-жаттығу дабылы жүргізілді. Кәсіпорындардың 22 мыңнан астам қызметкерлері жұмыс нысандарында оқытылып, нұсқау берілді,-дейді кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.
Маңғыстау филиалы Ақтау қаласында жер қойнауын пайдаланушылардың және сервистік кәсіпорындардың өндірістік қауіпті нысандарына 16 адамнан және авариялық құтқару жабдықтары және тиісті саймандармен жасақталған 3 арнаулы техникадан тұратын қызмет көрсетуші 4 бөлімшенің күшімен тәуліктік жедел кезекшілік жүргізеді. Боранкөл кен орнында жәрдемші база жұмыс істейді. Онда тәуліктік жедел кезекшілік режимінде атқыламаға қарсы қауіпсіздік бойынша 6 адамнан құралған бөлімше бар. Өткен жылы тапсырыс берушілердің нысандарында филиалдың жедел құрамының
қатысуымен 53 оқу-жаттығу және апаттарға қарсы жаттығулар жүргізіліп, 35 қауіпсіздік бекеті қойылды. Филиал басшыларының басшылығымен инженер-техникалық және жедел қызметкерлердің техногендік сипаттағы апаттардың алдын алу және жою бойынша озат әдістерін оқу мен біліктілік деңгейін арттыру жұмыстары жалғасып, арнайы механикалық қондырғымен қысым астындағы құбырларды бұрғылап тесу, құбырды қысым астында кесу, жаттығу кешенінде жедел құрамның ауа-тыныс алу аппараттарын қосу, гидравликалық жабдықтармен жұмыс, альпинистік жабдықтарды қолдану арқылы жаттығулар, зардап шеккенді биіктіктен түсіру бойынша оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Өткен жылғы 20-22 ақпан күндері Қаламқас кен орнындағы №5759 ұңғымасында орын алған ашық бұрқақ жедел топтың күшімен неғұрлым аз уақыттың ішінде ауыздықталды.
Жиын барысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша маман Анар Шамшадинова сөз алып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының өзектілігі турасында баяндады. Мемлекетіміздің алдағы жылдардағы даму перспективасын айқындап, жоспарларды паш ететін маңызды құжаттағы бес басымдық бойынша қазір жұмыстар қолға алынуда. Елбасымыз 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекетінің қатарына қосылу міндетін қойып, алға қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастау тапсырмасын берді.
* Елбасымыз «Біздің басты күшіміз - бірлікте» деп, халқымызды үнемі бірлік пен ынтымақта өмір сүріп, еңбек етуге шақырып келеді. Олай болса,Үшінші Жаңғыртуға бірге білек сыбана кірісіп, адал тер төгіп, Қазақстанның болашағы жолында аянбай еңбек етейік!-деді Анар Шамшадинова.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы – халықты ең маңызды әлеуметтік мәселелерінің бірі – тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Елбасымыз аса маңызды міндет – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын баспаналы етуді тапсырды. Бағдарлама аясында мемлекет тұрғын үй құрылысының үрдісін қолдау және тұрғындарды баспанамен қамтамасы ету мақсатында жан-жақты шаралар қабылдануда. Ұжым мүшелерінің ішінде тұрғын үй мәселесі бойынша кәсіподақ тізіміне енген азаматтар бар. Осыған орай, алдағы уақытта филиал ғимаратында «Қазақстанның тұрғын үй, жинақ құрылыс банкі» қызметкерлерін шақырып, ұжым мүшелерімен кездесу өткізуге шешім қабылданды.
Жиын барысында қызметкерлер тарапынан түрлі сауалдар қойылды. Филиал директоры Байшылық Төребайұлы барлық сұрақтарға тиісінше жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бірлік пен татулықты, ынтымақ пен берекені насихаттайтын әз Наурызды кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалы жоғары ауызбіршілік, асқан ұйымшылдық және ауыз толтырарлық жетістіктермен қарсы алды. Алар асулар, жетер жетістіктер көп болғай!
Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему